#openBIM

buildingSMART Kazakhstan

2024 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу (BIM) саласындағы стандарттар мен технологияларды әзірлеу және қолдау бойынша жұмыс істейтін халықаралық ұйым buildingSmart-тың ресми өкілдігіне айналды. Орыс және қазақ тілдерінде сертификаттаудан өту мүмкіндігі “ ҚазҚСҒЗИ” АҚ базасында қамтамасыз етілген.

buildingSmart Professional Certification – Foundation бағдарламасы әлемдік құрылыс индустриясындағы ең беделді бағдарламалардың бірі болып табылады. Аталған бағдарламадан сәтті өткен мамандар ғимараттар мен құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу саласындағы жоғары білім деңгейін растайды. Бұл базалық оқу бағдарламасы тыңдаушыларға ақпараттық модельдеудің негізгі қағидаттары, жетекші әлемдік тәжірибелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс саласына BIM-ді енгізу және қолдану туралы білім береді. Курсты сәтті аяқтау қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық сертификат алады.

Мамандардың халықаралық сертификаттаудан өтуі саланы дамытудағы және әлемдік қауымдастықта қабылданған стандарттарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, ол ақпараттық модельдеу саласындағы білім мен дағдыларды жетілдіруге, кәсіби біліктілікті арттыруға және өз қызмет саласында танылуға мүмкіндік береді.

Лучшие навыки

Реестр участников BuildingSmart

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.