Филиалдар

Филиалы АО "КазНИИСА"

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас кеңсесі Алматыда орналасқан, институттың Астана, Өскемен және Тараз қалаларында филиалдары бар

Филиалды таңдаңыз

Шығыс Қазақстан филиалы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Қоғам) шешімі, 18.01.2013 жылғы №1 хаттама және Қоғамның 15.02.2013 жылғы №38 бұйрығы негізінде құрылды. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі-филиал) қызметінің мақсаты «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми – зерттеу және жобалау институты» АҚ («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) функцияларын Қоғамның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі ретінде орналасқан жерінен тыс орындау болып табылады. Филиал қызметінің мәні ғылыми зерттеулер, жобалау жұмыстары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі, сейсмикаға төзімді құрылыс және сәулет мәселелері бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге қатысу болып табылады.

ОФилиал қызметінің негізгі бағыттары келесі жұмыс түрлері болып табылады:ются следующие виды работ:

  • Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен қауіпсіздігін, олардың жер сілкінісіне төзімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ықтимал жер сілкінісі мен табиғи және техногендік сипаттағы өзге де зілзалалардан болатын әлеуметтік-экономикалық залалды азайтуға бағытталған ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-эксперименттік, технологиялық және жобалау жұмыстарын жүргізу;
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жаңа және инновациялық ғылыми-техникалық әзірлемелерді (материалдарды, конструкциялар мен технологияларды) енгізуге қатысу, сейсмикаға төзімді құрылыс саласында қолданылатын жаңа материалдар мен технологияларды сараптау, сондай-ақ оларды енгізу үшін ұсынымдар беру;
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекетаралық және халықаралық нормативтерді әзірлеуге қатысу;
  • Сейсмикаға төзімді құрылыс ғимараттары мен құрылыстарының сенімділігін қамтамасыз ету саласында сараптамалық жұмыстар жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету;
  • Сейсмикаға төзімді құрылыс саласында оқыту семинарларын, тренингтерді, ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу;
  • Жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласындағы білімді тарату жүйесін қамтамасыз ету үшін ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді (ғылыми еңбектер жинақтарын, журналдарды, монографияларды, әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды), ақпараттық, оқыту, жарнамалық баспа және бейне материалдарды әзірлеу;
  • Инновациялық және инвестициялық жобалардың, оның ішінде сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу;
  • Сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылыми-зерттеу, жобалау және технологиялық жұмыстар мен қызметтерді орындау, сондай-ақ құрылыс конструкциялары мен бұйымдарының тәжірибелік үлгілерін дайындау кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;
  • Сейсмикалық әсерге ғимараттар мен құрылыстарды инженерлік есептеу әдістерін әзірлеу;
  • Қолданыстағы құрылыс ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ эксперименттік құрылыс конструкцияларының жер сілкінісіне төзімділігін анықтау бойынша жұмыстарды орындау;
  • Жер сілкінісі және табиғи және техногендік сипаттағы өзге де дүлей зілзалаларға ұшыраған сейсмикалық аудандардағы ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларына зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жер сілкінісі мен табиғи және техногендік сипаттағы өзге де дүлей зілзалаларға ұшыраған қайта жаңартылатын ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын қалпына келтіру және күшейту жөнінде ұсыныстар беру;
  • Сейсмикаға төзімді конструкциялардың жаңа үлгілері мен түрлерін әзірлеуге қатысу, эксперименттік тексеруді жүзеге асыру және оларды кейіннен құрылыс практикасына енгізу, сондай-ақ қолданыстағы құрылыстың ғимараттары мен құрылыстарының конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды орындау әдістері мен әдістемелерін әзірлеу;
  • Құрылыста баға белгілеу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;
  • Әртүрлі климаттық аймақтардағы сейсмикалық және сейсмикалық емес аудандарға арналған ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • Сейсмикалық шағын аудандастыру әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысу;
  • Сейсмикаға төзімді құрылыс саласында отандық және шетелдік ұйымдармен ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыруға қатысу;
  • Сейсмикалығы 9 баллдан асатын аудандарда және/немесе күндізгі бетіндегі тектоникалық ақаулардың ықтимал көріну аймақтарында жобалау және салу үшін техникалық шарттарды әзірлеу.
Бегімханова Асфира Акзамқызы

Бегімханова Асфира АкзамқызыШығыс Қазақстан филиалының директоры

Байланыстар:

  • 070004, ВКО, г. Усть-Каменогорск, ул. М.Горького, 21 офис 203,
  • 8(7232) 26-16-90

Құрметті сайтқа кірушілер!

Егер сіз «ҚазҚСҒЗИ» АҚ шығыс филиалында қызықтырған сұрақтарыңызға жауап таба алмасаңыз, оларды кері байланыс нысанын пайдалана отырып қоя аласыз.

Сұрақ қоймас бұрын, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды қараңыз:

    «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директорының 2013 жылғы 15 ақпандағы №38 бұйрығының негізінде «Қазақ сейсмикаға төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты» шаруашылық  жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының базасында  «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан филиалы (бұдан әрі «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ОҚФ) құрылды.

    Құрылтай құжаттарына сәйкес қызмет түрлері: нормативтік-техникалық құжаттарды, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобаларын әзірлеуге қатысу. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ғимараттар мен құрылыстарды зерттеу. Жаңа ғимараттар салуға және қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді техникалық қадағалау. Нысандардың құрылысын авторлық қадағалау.

    Байтеміров Мұхан Назарұлы

    Байтеміров Мұхан НазарұлыФилиал директоры

    Байланыстар:

    • Республика Казахстан, 080000, г.Тараз, ул.Сулейманова, 19 Б
    • 8 (7262) 43-63-99 (19-20)

    Құрметті сайтқа кірушілер!

    Если вы не нашли ответы на интересующие вопросы в Южно-Казахстанском филиале  АО “КазНИИСА”, Вы можете задать их, воспользовавшись формой обратной связи.

    Сұрақ қоймас бұрын, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды қараңыз:

      «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының Астана қ. филиалы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Қазақ сейсмикаға төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименттік институты» АҚ шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2010 жылғы 31 наурыздағы №46 бұйрығымен құрылды. Филиал заманауи нормативтік базаны әзірлеу және Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясына серпінді технологиялар мен стандарттарды енгізу арқылы Қазақстанның құрылыс саласын ғылыми-технологиялық (инновациялық) сүйемелдеуді және реформалауды жетілдіру мақсатында құрылды.

      Виды деятельности: разработка нормативных документов по ценообразованию и сметам, формирование сметных норм на строительно-монтажные, ремонтно-строительные работы,  подготовка технологических карт на строительно-монтажные работы, разработка методических документов по сметному ценообразованию, подготовка индивидуальных сметных нормативных документов, разработка, переработка и актуализация нормативно-технических документов в области архитектуры, градостроительства и строительства. Қызмет түрлері: баға белгілеу және сметалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, құрылыс-монтаждау, жөндеу-құрылыс жұмыстарына сметалық нормаларды қалыптастыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарына технологиялық карталарды дайындау, сметалық баға белгілеу бойынша әдістемелік құжаттарды әзірлеу, жеке сметалық нормативтік құжаттарды дайындау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу, өңдеу және өзектендіру

      Хасен Арман

      Хасен Арман АқылбекұлыФилиал басшысы-Құрылыстағы нормалау орталығының директоры

      Байланыстар:

      • 010000, г. Астана, ул.Бейбитшилик, 14, БЦ “MARDEN”, оф. 1406
      • +7 (7172) 76-82-92 (приемная)

      РСНБ -2015 шарт жасасу тобы

      • 010000, г. Астана, ул. Бейбитшилик 14, БЦ “MARDEN”, оф. 1510
      • +7 (7172) 76-82-96 (97)

      Құрметті сайтқа кірушілер!

      Егер сіз «ҚазҚСҒЗИ» АҚ шығыс филиалында қызықтырған сұрақтарыңызға жауап таба алмасаңыз, оларды кері байланыс нысанын пайдалана отырып қоя аласыз.

      Сұрақ қоймас бұрын, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды қараңыз:

        Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

        Свяжитесь с ближайшим офисом АО «КазНИИСА» или отправьте заявку онлайн.

        🌙🌎☀️
        Жаңарған Қазақстанның жаңа бағыты.

        Кульбаев Бегман Бахитұлы
        Кульбаев Бегман Бахитұлы
        «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры

        Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.