2024 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу (BIM) саласындағы стандарттар мен технологияларды әзірлеу және қолдау бойынша жұмыс істейтін халықаралық ұйым buildingSmart-тың ресми өкілдігіне айналды. Орыс және қазақ тілдерінде сертификаттаудан өту мүмкіндігі “ ҚазҚСҒЗИ” АҚ базасында қамтамасыз етілген.
buildingSmart Professional Certification – Foundation бағдарламасы әлемдік құрылыс индустриясындағы ең беделді бағдарламалардың бірі болып табылады. Аталған бағдарламадан сәтті өткен мамандар ғимараттар мен құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу саласындағы жоғары білім деңгейін растайды. Бұл базалық оқу бағдарламасы тыңдаушыларға ақпараттық модельдеудің негізгі қағидаттары, жетекші әлемдік тәжірибелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс саласына BIM-ді енгізу және қолдану туралы білім береді. Курсты сәтті аяқтау қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық сертификат алады.
Мамандардың халықаралық сертификаттаудан өтуі саланы дамытудағы және әлемдік қауымдастықта қабылданған стандарттарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, ол ақпараттық модельдеу саласындағы білім мен дағдыларды жетілдіруге, кәсіби біліктілікті арттыруға және өз қызмет саласында танылуға мүмкіндік береді.
Foundation бағдарламасы құрылыс саласының мамандары үшін BIM және openBIM тәжірибелерін өз жұмысында түсінуге және қолдануға тамаша мүмкіндік ұсынады, бұл цифрлық құрылыстың жаңа перспективаларына есік ашады.
Foundation оқуын қалай бастауға болады және сертификат алуға болады?
— Сайтта өтінім қалдырыңыз.
buildingSmart Professional Certification-Foundation халықаралық сертификаттаудан өтуге өтінім
Бағдарлама және сертификаттау процесі туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасындағы buildingSmart Professional Certification бағдарламасының жетекшісіне хабарласыңыз.
BuildingSMART – бұл құрылыс нысандарының ақпараттық модельдеу (BIM) саласындағы стандарттар мен технологияларды әзірлеумен және қолдаумен айналысатын халықаралық ұйым.
Оқу ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ стандартты бағдарлама 2 аптаға созылады.
Қашықтан оқуту, күндізгі оқуту.
Құнына курсқа байланысты барлық шығындар және бір реттік емтихан алымы кіреді.
Емтиханды бір рет қайта тапсыруға болады, тек бір реттік емтихан ақысын төлейді.
Қатысушылардың ғимараттарды жобалау, салу және пайдалану процестері туралы базалық білімі болғаны ұсынылады.
BuildingSMART кәсіби сертификаттауы дегеніміз не?
- OpenBIM саласындағы сараптамаңыз бен біліміңізді растаңыз.
- Құрылыс индустриясында жетістіктеріңізбен ерекшеленіп, мойындалуға қол жеткізіңіз.
- OpenBIM саласында жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктерін ашыңыз.
- OpenBIM бойынша өзекті білімдеріңіз арқылы алдыңғы қатарда болыңыз.
- OpenBIM жобаларында жұмыс істей отырып, алған білімдеріңізді тәжірибеде қолданыңыз.
- OpenBIM әдіснамалары мен қағидаттарын өз жобаларыңызға енгізіп, олардың тиімділігі мен сапасын арттырыңыз.
The course was at a high professional level.
We are already actively applying the acquired knowledge in practice and promoting the use of BIM among our partners.
Интересный курс, легкая и доступная подача материала.
Все четко, понятно и по существу.
Выражаю огромную благодарность преподавателям курса и организаторам курсов за плодотворное взаимодействие!