Тәуекел-менеджер

жалақы белгіленбеген:

  • Толық уақыт, толық күн

Біліктілік талаптар:

  • Бейіндік салалардағы жоғары білім (қаржы/ экономика/ аудит).

Жұмыс тәжірибесі:

  • өндірістік және/ немесе қаржы (ғылыми) институттарында тәуекел - менеджмент/ экономика / аудит/қаржылық талдау немесе модельдеу сияқты бейіндік салаларда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі.

Міндеттері:

  • Қоғамның алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау;
  • Қоғамның тәуекелдерін басқару әдістерінің тиімділігіне мониторинг жүргізу:
  •  Қоғамдағы тәуекелдерді басқару саясатын әзірлеу (өндірістік, ұйымдастырушылық, қаржылық, әлеуметтік, форс-мажорлық және т. б.);
  • Қоғамның бизнес процестерін зерттеу;
  • ықтимал шығындардың туындау қаупін талдау және қауіптілік көздерін айқындау және олардың алдын алу не азайту жөніндегі іс-шараларды енгізу:
  • бизнес жұмысының ішкі тетіктерін бақылау және тәуекелдерді жою немесе азайту бойынша алдын алу іс-шараларын уақтылы жүргізу;
  • Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру.

Білуі тиіс:

  • Қаржы және экономикалық құқықтық қатынастарды, менеджмент тәуекелі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері (Ұлттық банк және т. б.);
  • тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық стандарттар;
  • өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызмет, жоғары тұрған органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, мемлекеттік органдардың қаржы–экономикалық қызмет мәселелері жөніндегі әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылық материалдары;
  • тәуекелдерді басқару әдістері және тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін құрудың үздік тәжірибелері;
  • бизнес-қызметті және Қоғам жұмыс істейтін секторлардың ерекшеліктері, сондай–ақ Қоғамның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты, Қоғам экономикасына қатысты әдістемелік материалдар;
  • Қоғамның даму стратегиясы мен перспективалары;
  • Қоғамның бейіні, мамандануы мен құрылымының ерекшеліктері;
  • Қоғам құрылымының бейіні, мамандануы және ерекшеліктері;
  • систему экономических стандартов и показателей Общества;
  • порядок финансирования, кредитования, налогообложения;
  • гражданское право, финансовое, налоговое, административно – хозяйственное законодательство;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттар тізімін электронды мекенжайға ұсынуы қажет info@kazniisa.kz.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  4. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  5. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  6. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
  7. денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. соттылықтың болуы / болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа 18 жасқа толған және бос лауазымдар үшін біліктілік талаптарына сай келетін барлық азаматтар қатыса алады.

⚠️ Келесі тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

  1. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған адамдар;

  2. конкурстық іріктеу уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

  3. өзі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі туралы көрінеу жалған ақпарат берген;

  4. өзі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуы туралы көрінеу анық емес мәліметтер ұсынған адамдар қатыса алмайды;

👥 Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар болған кезде, сондай-ақ тұлға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

📋 Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік екі күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

🏛️ Әңгімелесу/сұхбат өткізу орны (офлайн, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 3 шағын аудан, 44а үй) және нысаны (онлайн, scype-конференция немесе WhatsApp арқылы) қосымша хабарланады.

✅ Конкурстық іріктеу нәтижелері үміткерлерге түйіндемеде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама немесе телефон байланысы арқылы хабарланады.

🕜 Срок приема документов: с 10.04.2025 – 20.04.2025 года, в течение 10 календарных дней, который исчисляется со дня публикации объявления.

☎️ Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 727 276 21 29

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО «КазНИИСА» или отправьте заявку онлайн.

🌙🌎☀️
Жаңарған Қазақстанның жаңа бағыты.

Кульбаев Бегман Бахитұлы
Кульбаев Бегман Бахитұлы
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.