Қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің сатып алу секторының бас маманы

жалақы белгіленбеген

  • Толық уақыт, толық күн

Біліктілік талаптар:

  • Жоғары экономикалық білім

Міндеттері:

  • Қоғам басшылығына қол қоюға енгізілетін мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі құжаттаманың заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
  • Бөлім қызметін жетілдіру және оңтайландыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
  • Конкурстар өткізу үшін ұйымдастырылатын комиссияның жұмыстарына және мемлекеттік сатып алуға қатысты өзге де мәселелерге қатысады;
  • Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлейді, сондай-ақ белгіленген мерзімде кері байланыс пен ұсыныстарға келіп түскен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заңнамалық актілердің жобаларын қарайды.
  • Қоғамның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері басшыларының келіп түскен қызметтік жазбалары бойынша Қоғамның жеткізуші немесе бірлесіп орындаушы ретінде мемлекеттік сатып алуға қатысу мәселелерін келіседі. Мемлекеттік сатып алуға қатысу мәселелері мақұлданған кезде заңнамада көзделген тәртіппен өтінімдерді уақтылы орналастыруды және/немесе ұсыныстарды жіберуді қамтамасыз етеді.
  • Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың жобаларын әзірлейді.
  • Бөлімде туындаған жанжалды жағдайларды реттеу немесе бөлім қызметкерлерінің әлеуетті жеткізушілермен қарым-қатынасы бойынша келіссөздер жүргізеді.
  • Мемлекеттік сатып алуға байланысты талап-арыз жұмысын жүргізеді;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттардың уақтылы орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.
  • Мемлекеттік сатып алу веб-порталында және тапсырыс берушінің Интернет-ресурсында мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін қажетті ақпаратты орналастырады.
  • Қоғамның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері басшыларының келіп түскен қызметтік жазбалары бойынша мемлекеттік сатып алу порталында, сондай-ақ өзге де электрондық алаңдарда өнім беруші немесе бірлесіп орындаушы ретінде сатып алу рәсімдеріне қатысу үшін өтінімдер береді.
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындауға келіп түскен, оның ішінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс ережелерін, заңға тәуелді актілерді және Қоғамның ішкі нормативтік актілерін сақтай отырып, әкімшілік рәсімдерді ұйымдастыру және орындау.

БЖ білудің міндетті талабы:

  • MS Office (Exсel, Word, Outlook)
  • мемлекеттік тіл
  • тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен әдістемелік нұсқаулары;
  • қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін нормативтік және әдістемелік материалдар;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңдары;
  • Қоғам құрылымының бейіні, мамандануы және ерекшеліктері;
  • экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері;
  • Қоғамда шарттық жұмыс жүргізу тәртібі;
  • іскерлік қарым-қатынас этикасы;
  • еңбек заңнамасының негіздері және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттар тізімін электронды мекенжайға ұсынуы қажет info@kazniisa.kz.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  4. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  5. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  6. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
  7. денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. соттылықтың болуы / болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа 18 жасқа толған және бос лауазымдар үшін біліктілік талаптарына сай келетін барлық азаматтар қатыса алады.

⚠️ Келесі тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

  1. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған адамдар;

  2. конкурстық іріктеу уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

  3. өзі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі туралы көрінеу жалған ақпарат берген;

  4. өзі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуы туралы көрінеу анық емес мәліметтер ұсынған адамдар қатыса алмайды;

👥 Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар болған кезде, сондай-ақ тұлға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

📋 Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік екі күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

🏛️ Әңгімелесу/сұхбат өткізу орны (офлайн, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 3 шағын аудан, 44а үй) және нысаны (онлайн, scype-конференция немесе WhatsApp арқылы) қосымша хабарланады.

✅ Конкурстық іріктеу нәтижелері үміткерлерге түйіндемеде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама немесе телефон байланысы арқылы хабарланады.

🕜 Срок приема документов: с 09.04.2025 – 18.04.2025 года, в течение 10 календарных дней, который исчисляется со дня публикации объявления.

☎️ Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 727 276 21 29

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО «КазНИИСА» или отправьте заявку онлайн.

🌙🌎☀️
Жаңарған Қазақстанның жаңа бағыты.

Кульбаев Бегман Бахитұлы
Кульбаев Бегман Бахитұлы
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.