«Индустриялық құрылыс» форумы құрылыс саласын дамытуға тың серпін береді

Алматыда екі күндік «Индустриялық құрылыс» Халықаралық форумы (Full precast Concrete Building) басталды. Германия, Италия, Қазақстан, Польша және басқа да елдердің индустриялық құрылыс саласындағы сарапшылары мен белгілі практиктері ауқымды диалог алаңында бас қосты.

Биыл форумға 100-ден астам отандық және халықаралық сарапшылар қатысуда. Екі күндік форум пленарлық және панельдік пікірталастарды, құрылысты дамытудың ең өзекті міндеттерін талқылауды, сондай-ақ тақырыптар бойынша конференциялар мен баяндамаларды қамтиды. Форумның әртүрлі алаңдарында бір-бірін толықтыратын және өзара байланысты салалық проблемаларды бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін баяндамалар жасалады.

Форумның негізгі баяндамаларының бірі «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаевтың баяндамасы болды. Ол өз баяндамасында Қазақстанның құрылыс саласындағы басты сын-қатерлер мен өзекті мәселелер туралы айтты. Оның ішінде өнімділікті арттыруға, құрылыс процестерінің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған индустриялық құрылысқа баса назар аударылды. Сонымен қатар, индустриалды құрылыс нысандарының экологиялық тұрақтылығы мен энергия тиімділігі жөнінде тарқатып айтып берді.

«Қазақстан аумағының шамамен 43 пайызы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Бір жарым жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің жобасы әзірленуде. Құрылыс кодексінің жобасында сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда жобалау мен құрылысқа арналған арнайы тарау қарастырылған. Біз сейсмикалық қаупі жоғары Еуропа, басқа да елдердің тәжірибесін ескеруге тырыстық», - деп атап өтті «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

Іскерлік бағдарламада сейсмикалық тәуекелді бағалау тақырыбына аса назар аударылды, мұндай қауіп белгілі бір жерде белгілі бір магнитудадағы жер сілкінісінің ықтималдығын анықтаудан тұрады.

Сонымен қатар, сейсмикалық белсенді аумақтарды сейсмикалық аймақтарға бөлу, қолданыстағы құрылыстың барлық құрылыс объектілерін паспорттау тақырыптары қозғалды. Осы орайда сейсмикалық аймақтарға бөлудің құрылыс жүргізу үшін өте маңызды екенін ескерген жөн. Ал, сейсмикалық аудандар картасы сейсмикалық қауіпті бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, форум аясында өзекті мәселелер, құрылыстың заманауи озық жүйелерін қолдану барысы талқыланады. Сондай-ақ, қатысушылар MOTUS құрылыс жүйесі, Орталық Азия қалаларының келбетін өзгерту; Энерготиімді ғимарат стандарттарына сәйкес қаржылық субсидиялар; Нарықты дамыту және Орталық Азияның пилоттық жобаларын іске асыру перспективалары, сондай-ақ құрама темірбетонға арналған индустриялық құрылыстағы Peikko Group заманауи шешімдері сынды тақырыптар аясында кеңінен пікір алмасты.

Форумға қатысушылар іскерлік бағдарламаның сапалы тақырыптық мазмұнын және іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. Айта кету керек, бағдарламаның кеңейтілген мазмұны барлық қатысушыларға сейсмикалық қауіпті аймақтарда да қолданылатын жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік берді. Практиктердің, сарапшылардың, қаржы ұйымдары өкілдері мен ғалымдардың мұндай өзара іс-қимылы бүкіл саланың дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.