Қазақстан мен Тәжікстан арасында құрылыстағы баға белгілеу мәселелері бойынша екіжақты кездесуі өтті

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Сәулет және құрылыс жөніндегі комитеті делегациясының қатысуымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңес жанындағы Құрылыс қызметіндегі баға белгілеу жөніндегі комиссия қызметінің шеңберінде кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – өзара іс-қимылдың көкейкесті мәселелерін талқылау, әріптестік байланыстарды күшейту және құрылыс саласындағы баға белгілеу аясында қос елдің профильді ұйымдары арасында тәжірибе алмасу.

Талқылау барысында тараптар құрылыс құнының сметалық нормативтері мен индекстерін қалыптастыру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті, баға белгілеу жүйесін жетілдірудің әдістерін, сондай-ақ, профильді ұйымдар арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ, күн тәртібі шеңберінде ағымдағы бағалардағы сметалық құжаттаманы жасау мәселелері, еңбек шығындарына арналған сметалық бағалар, машиналарды пайдалану мен жүктерді тасымалдау, құрылыс құнының индекстері, құрылыс материалдары мен инженерлік жабдықтарға арналған сметалық бағаларды қалыптастыру, сондай-ақ, сметалық құнның ірілендірілген көрсеткіштері қарастырылды.

Қатысушылар сметалық нормалау және баға белгілеу саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіру үшін талқыланатын мәселелердің маңыздылығын атап өтті, тәжірибемен алмасты және одан әрі ынтымақтастық жолдарын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүргізілген диалогтың маңыздылығын атап өтті және құрылыс саласындағы баға белгілеу процессінің ашықтығын және жүйенің тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға және тәжірибе алмасуға дайын екендігін білдірді.

 

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.