«ҚазҚСҒЗИ» АҚ маманы Жапонияда аса маңызды ғимараттардың сейсмикалық төзімділігі мәселелері бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті.

Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы халықаралық техникалық ынтымақтастық аясында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қызметкері Али Тулеев JICA ұйымының «Strengthening Seismic Disaster Risk Reduction Countermeasures for Critical Buildings» («Аса маңызды ғимараттар үшін сейсмикалық апаттар қаупін азайту шараларын күшейту») бағдарламасы бойынша Building Research Institute (BRI) институтында кәсіби тағылымдамадан өтті.

 

Оқыту 2026 жылғы 27 мамыр мен 24 шілде аралығында өтті және аса маңызды ғимараттарды тексерудің, олардың техникалық жай-күйін бағалаудың, сейсмикаға төзімділігін анықтаудың және сейсмикалық күшейтудің заманауи тәсілдеріне арналды. Бағдарлама барысында қатысушылар сейсмикалық оқшаулау жүйелері мен ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру әдістерін қоса алғанда, Жапонияның озық технологияларын меңгерді.

 

Бағдарламаға 14 елдің мамандары қатысып, сейсмикаға төзімді құрылыс және табиғи апаттар қаупін азайту саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң қалыптасты. Тағылымдама аясында дәрістер, практикалық сабақтар және Жапонияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен сынақ зертханаларына, оның ішінде NIED және E-Defense орталықтарына техникалық сапарлар ұйымдастырылды.

 

Алынған білім мен практикалық тәжірибе ғимараттарды тексеру, олардың техникалық жай-күйін бағалау және сейсмикалық күшейту әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ Қазақстан



пікір қалдыру

[an error occurred while processing the directive]
[an error occurred while processing the directive]