Жоғары кәсіби марапатпен құттықтаймыз!

Коллектив АО «КазНИИСА» искренне поздравляет Жәмека Нүркена Асанұлы с победой республиканского конкурса «Үздік инженер – 2026», организованного Инновационным центром «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН».

Байқаудың қазылар алқасының шешімімен Жәмек Нүркен Асанұлының көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және инженерлік саланың дамуына қосқан елеулі үлесі жоғары бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша Жәмек Нүркен Асанұлы «Үздік инженер – 2026» құрметті атағына ие болып, төмендегідей марапаттарға ие болды:

«Үздік инженер» төсбелгісі;
Төсбелгіге арналған куәлік;
I дәрежелі республикалық диплом;
Жеңімпаздың естелік мүсіншесі.

Бұл марапат – Жәмек Нүркен Асанұлының жоғары кәсіби шеберлігінің, өз ісіне адалдығының және Қазақстан Республикасының инженерлік ғылымы мен құрылыс саласының дамуына қосқан қомақты үлесінің лайықты бағалануы.

Жәмек Нүркен Асанұлына зор денсаулық, амандық, жаңа кәсіби жетістіктер, сарқылмас күш-қуат, барлық бастамаларының табысты жүзеге асуын және отандық құрылыс ғылымын дамыту мен Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы еңбегіне толағай табыс тілейміз!

Жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да жаңа кәсіби белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!



[an error occurred while processing the directive]
[an error occurred while processing the directive]