Астана күні құтты болсын!
- Июль 6, 2026
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
Комментариев нет
Астана күні құтты болсын!
Сіздерді еліміздің жүрегі, Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана – ел бірлігінің, жасампаз рухтың және болашаққа деген сенімнің символы. Қысқа уақыт ішінде әлем мойындаған заманауи мегаполиске айналған бас қаламыз мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің айқын көрінісі болып табылады.
Бүгінде Астана ғылымның, білімнің, мәдениеттің және инновацияның орталығы ретінде Қазақстанның жарқын келбетін әлемге танытып келеді. Оның сәулетті келбеті мен қарқынды дамуы әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады.
Елордамыз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!