2026 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында №114 бұйрыққа сәйкес құрылыс объектілерінің жекелеген санаттары үшін міндетті түрде BIM/ҚОАМТ технологияларын қолдану кезеңі басталады.
- Июнь 16, 2026
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар
2026 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында №114 бұйрыққа сәйкес құрылыс объектілерінің жекелеген санаттары үшін міндетті түрде BIM/ҚОАМТ технологияларын қолдану кезеңі басталады.
Ақпараттық модельдеуді енгізу құрылыс саласының кәсіби күн тәртібінің маңызды бөлігіне айналуда. Осыған байланысты BIM тәсілдері мен терминология, жоба қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл процестері, ақпараттық талаптар, рөлдер мен жауапкершілік бойынша бірыңғай түсінік қалыптастырудың маңызы артып отыр.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ buildingSMART Kazakhstan ұйымымен бірлесіп, BIM және openBIM бойынша халықаралық базалық даярлау бағдарламасы болып табылатын buildingSMART Foundation курсының жаңа легін қалыптастыруда.
Курс ақпараттық модельдеу, бірлескен жұмысты ұйымдастыру, CDE ортақ деректер ортасын қолдану қағидаттарын, сондай-ақ объектінің өмірлік циклі бойындағы ақпаратты басқарудың халықаралық тәсілдерін жүйелі түрде түсінуге бағытталған.
Оқыту тапсырыс берушілерге, жобалау ұйымдарына, BIM мамандарына, жоба жетекшілеріне, сарапшыларға, оқытушыларға, жоғары оқу орындарының өкілдеріне және құрылыс саласының цифрландыру үдерістеріне қатысатын барлық мамандарға пайдалы болады.
Қызығушылық танытқан мамандарды buildingSMART Kazakhstan ұйымының Foundation курсының жаңа легіне қатысуға шақырамыз. Орын саны шектеулі болғандықтан, өтінімді kazniisa.kz сайтының кері байланыс нысаны арқылы алдын ала жолдауды ұсынамыз.