Қазақстан мен Жапония сейсмикалық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Жапония сейсмикалық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Токио қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында «Орталық Азия + Жапония» қазақстан-жапон бизнес-форумы өтті. Іс-шара екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналып, оған мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ғылыми ұйымдардың, сондай-ақ жетекші жапон корпорацияларының өкілдері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық және технологиялық өзара іс-қимылды кеңейту, инвестициялар тарту, сондай-ақ өнеркәсіп, инфрақұрылым, инновациялар және орнықты даму салаларындағы әріптестікті дамыту болды.

Бизнес-форум аясында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ жапондық Mitsui & Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық оқшаулау жүйелерін, сейсмикалық бақылау мен ғимараттар мен құрылыстарды мониторингтеу технологияларын қоса алғанда, сейсмикалық орнықтылықты қамтамасыз етуге арналған озық жапон технологияларын енгізу саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Меморандумды іске асыру Қазақстанның және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның Орталық Азиядағы сейсмикалық тұрақтылық саласындағы жетекші ұйым ретіндегі халықаралық имиджін нығайтуға ықпал етеді.

Меморандум аясында:

— Доступ к передовым решениям в области сейсмостойкого строительства, мониторинг зданий и сооружений, применения современных систем сейсмоизоляций для обеспечения сейсмической безопасности.

—  Возможность внедрения инновационных материалов и технологий по усилению конструкций.

— Совместные научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы (НИОКР) и обмен специалистами, стажировки, тренинги в Японии.

Анықтама

Mitsui & Co., LtdMitsui & Co., Ltd. — әлемнің 60-тан астам елінде қызмет ететін Жапониядағы ірі көпсалалы сауда-инвестициялық корпорациялардың бірі. Компания инфрақұрылым, энергетика, өнеркәсіп, машина жасау, логистика және орнықты даму салаларында жобаларды іске асырады. Құрылған күні: 1947 жылғы 25 шілде.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.