ТМД Атқарушы комитетінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық саладағы базалық ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша кеңес өтті

ТМД-ның 2030 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде базалық ұйымдардың жұмыс қорытындылары мен өзара іс-қимылының басым бағыттары талқыланды.

2025 жылғы 6 қарашада ТМД Атқарушы комитетінде (Мәскеу қ.) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық саладағы базалық ұйымдарының қызметі мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңеске ТМД Атқарушы комитетінің және экономиканың түрлі салаларында қызметін жүзеге асыратын базалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Онлайн пішімдегі кеңеске ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйымының басшысы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев және СҚБҰ басшысының орынбасары және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шокбаров қатысты.

Күн тәртібінің шеңберінде Экономикалық кеңестің экономикалық саладағы базалық ұйымдардың қызметі туралы шешімін орындау мәселелері қаралды. Салалар бойынша ТМД-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Экономикалық даму стратегиясының екінші кезеңін (2026-2030 жылдар) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес базалық ұйымдардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыланды.

Кеңеске қатысушылар сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономиканың тиісті салаларындағы ынтымақтастығын дамытуға бағытталған құжаттарды дайындауға базалық ұйымдардың қатысу мәселесін қарастырды. Базалық ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты дайындау мен ұсыну мәселелеріне, сондай-ақ оны танымал ету шараларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікірталас өтіп, базалық ұйымдардың қызметін танымал етуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды:

  1. базалық ұйымдар өз қызметінде өз мәртебесін қандай тәсілмен көрсетеді және іс-шараларды өткізу барысында ТМД логотипін пайдалану мысалдары бар ма;
  2. базалық ұйымдардың қызметі туралы ТМД мемлекеттерін хабардар ету бөлігінде өзара ынтымақтастықты қалай жолға қоюға болады;
  3. базалық ұйымдар өз қызметі туралы ТМД-ның жоғары органдарын ақпараттандыру міндетін қандай тәсілмен жүзеге асырады.

Аталған мәселелер бойынша базалық ұйымдардың өкілдері тарапынан өзара іс-қимылды жетілдіруге және ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған түрлі ұсыныстар мен бастамалар айтылды.

 

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.