Жапония тәжірибесі Қазақстанда: «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы озық технологиялар бойынша оқудан өтті

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ маманы Қанатова Жанна Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және Сейсмология және сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі халықаралық институты (IISEE/BRI, Жапония) ұйымдастырған бірлескен білім беру бағдарламасына сәтті қатысып қайтты.

«Маңызды ғимараттар үшін, сейсмикалық апаттар қаупін төмендету шараларын күшейту:» - атты бағдарлама сейсмикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы кең ауқымды дәрістерді, тәжірибелік сабақтарды және техникалық сапарларды қамтыды. Екі ай ішінде қатысушылар ғимараттардың сейсмикалық жағдайын бағалау әдістерін, құрылымдарды нығайту тәсілдерін, құрылыс негізімен өзара әрекеттесу технологияларын, топырақты зерттеу және нығайту әдістерін, сондай-ақ сейсмикалық мониторинг жүйелерін меңгерді.

Оқу барысында ғимараттардың сейсмикалық осалдығын бағалау, оларды нығайту әдістері (соның ішінде сейсмоизоляция және демпферлер), құрылыс пен топырақтың өзара әрекеттесуі, инженерлік-геологиялық зерттеулер және Жапонияда қолданылатын заманауи қада технологиялары бойынша тақырыптарға ерекше назар аударылды.

Алынған білім мен тәжірибе Қазақстан үшін аса маңызды. Жапондық тәсілдер мен технологияларды қолдану болашақта болуы мүмкін жер сілкіністері жағдайында ғимараттардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ халықаралық ынтымақтастықты дамытып, сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы озық тәжірибелерді енгізуді жалғастыра отырып, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға өз үлесін қосуда.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.