«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Германиядағы сейсмотұрақты құрылыс жөніндегі халықаралық семинарға қатысты
- Июнь 5, 2025
- Опубликовано: author
- Категории: BIM, События

Мюнхен қаласында (Германия) «Сейсмотұрақты құрылыс» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Іс-шараны ғимараттар мен құрылыстарды динамикалық әсерлерден қорғауға арналған инженерлік шешімдер бойынша әлемдік көшбасшы — MAURER компаниясы ұйымдастырды.
Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар сейсмотұрақтылықты қамтамасыз етудің заманауи технологияларымен, соның ішінде сейсмикалық оқшаулау және демпфирлеу жүйелерін қолдану қағидаларымен танысты.
MAURER компаниясының қызметіне ерекше назар аударылды. Институт мамандары өндірістік алаңдарға барып, сейсмоизоляторларды дайындау процесін, сапаны көпсатылы бақылау жүйесін және сынақ зертханаларының жұмысын іс жүзінде көрді. Сонымен қатар, сейсмоизоляцияланған ғимараттарды жобалауға қатысты теориялық білім мен сейсмикалық қауіпті аймақтарда бұл шешімдерді қолдану бойынша ұсынымдар алды.
Семинарға қатысу қазақстандық құрылыс және сараптамалық қауымдастықтың практикасына озық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды.