Орталық Азия BIM Клубының кездесу қорытындылары: құрылыс саласындағы цифрлық ынтымақтастықты нығайту

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ кеңсесінде Орталық Азия BIM Клубының кезекті кездесуі өтті. Бұл – өңірдің құрылыс саласын цифрландыру саласындағы көшбасшыларды біріктіретін кәсіби қауымдастық. Кездесу офлайн және онлайн форматтарда өтті, оған 13 ұйымнан 25 қатысушы жиналды.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ кездесудің қабылдаушы тарап ретінде және талқылаулардың белсенді қатысушысы ретінде, Қазақстан мен Орталық Азияда Ақпараттық Модельдеу Технологияларын (ҚОАМТ) дамыту мен енгізуге адалдығын растады.

Кездесудің ұйымдастырушылары: Орталық Азиядағы Autodesk Inc. өкілдігі, «CAD Системы» ЖШС, «SD Soft» ЖШС

Іс-шараға қатысқан ұйымдар: «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Engineering Center LTD» ЖШС, «Kazgor» ЖШС, «Мемсараптама» РМК, «TANSU Construction» ЖШС, «PSI Engineering» ЖШС, «GLB» ЖШС («Шар Құрылыс»), «DNT» ЖШС, «Sensata Engineering» ЖШС, «Самрук-Құрылыс» АҚ, сондай-ақ сарапшы Андрей Яшанов та бар.

Кездесудің мақсаты — BIM мамандары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою, құрылыс саласындағы цифрландыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау және модельдеу технологияларын дамыту бойынша бірлескен іс-қимылдарды анықтау.

Кездесу барысында келесі негізгі шешімдер қабылданды: барлық белсенді BIM-көшбасшылардың мәртебесін растау, жаңа қатысушыларға мәртебе беру, сондай-ақ Autodesk Revit бағдарламасы бойынша негізгі бөлімдерге арналған BIM-шаблондарды жаңарту бойынша бірлескен жұмыс мүмкіндіктерін талқылау.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ барлық қатысушыларға кәсіби диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және BIM қауымдастығын өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар жіберуге шақырады.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.