«Engineering center LTD» компаниясы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында құрылған «buildingSMART Kazakhstan» ұйымының алғашқы корпоративтік қатысушысы атанды

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында құрылған «buildingSMART Kazakhstan» ұйымы «Engineering center LTD» компаниясы қауымдастықтың алғашқы корпоративтік мүшесі ретінде қабылданғанын хабарлайды.

Корпоративтік мүше мәртебесін алу компанияға openBIM халықаралық стандарттарына, кәсіби қауымдастыққа және ақпараттық модельдеу мен жобалаудың заманауи құралдарына қол жеткізу мүмкіндігін береді. «buildingSMART Kazakhstan» қызметіне қатысу «Engineering center LTD» компаниясына цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттілікті нығайтуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ «buildingSMART International» шеңберіндегі бейінді халықаралық іс-шаралар мен жұмыс топтарына қатысуға мүмкіндік береді.

«buildingSMART Kazakhstan» құрылыс саласында заманауи цифрлық шешімдерді ілгерілету және ұлттық BIM-экожүйесін дамыту бойынша міндеттерді дәйекті түрде іске асырып келеді. «Engineering center LTD» компаниясының қауымдастыққа қосылуы құрылыс саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту мен процестердің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылады.

«buildingSMART Kazakhstan» туралы

АО «ҚазНИИСА» базасында құрылған «buildingSMART Kazakhstan» — Қазақстан Республикасындағы «buildingSMART International» халықаралық ұйымының ресми өкілі болып табылады. Ұйым қызметі openBIM тұжырымдамасын енгізуге, ақпараттық модельдеудің халықаралық және ұлттық стандарттарын бейімдеуге, сондай-ақ құрылыс саласындағы цифрлық трансформация мен кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған.

«buildingSMART Kazakhstan» қауымдастығына мүше болу мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстандағы BIM-технологиялар мен openBIM стандарттарын дамытуға бағытталған іс-шаралар мен жобалар туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс құралдары арқылы біздің командаға хабарласа аласыз: электрондық пошта — mumirzakova@kazniisa.kz, немесе WhatsApp арқылы — +77018167481.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.