«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Сингапурдағы buildingSMART International Summit – 2025 құрылыс цифрландыру жөніндегі жаһандық саммитіне қатысуда

«ҚазҚСҒЗИ» 18-20 наурыз аралығында Сингапурда BuildTech Asia Exhibition 2025 көрмесімен қатар өтіп жатқан buildingSMART International Summit халықаралық саммитіне қатысуда. Саммиттің негізгі тақырыптары: OpenBIM Mandate (құрылыс саласында ашық деректер стандарттарын қолдануды міндеттеу), жобалау мен құрылысқа жасанды интеллектті енгізу, құрылыс нысандары туралы мәліметтер алмасудың түбегейлі жаңа ашық форматы – IFC5 дамыту, сондай-ақ құрылыс компоненттері туралы ақпаратқа қойылатын стандарттар мен талаптар.

Саммиттің салтанатты ашылуына Сингапурдың Ұлттық даму министрлігінің және Цифрлық даму және ақпарат министрлігінің аға мемлекеттік министрі Тан Киат Хау қатысты (Tan Kiat How).

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ басқарушы директоры Александр Шахнович мұндай іс-шараларға қатысудың маңыздылығын атап өтті: “Еуразия, Америка, Австралия және Африка елдеріндегі 37 ұлттық чаптерді қамтитын buildingSMART халықаралық қауымдастығымен белсенді өзара іс-қимыл жасау бізге құрылыс саласындағы цифрландыру бойынша ең жаңа әзірлемелер мен озық тәжірибелерді жедел игеруге мүмкіндік береді. Бұл отандық инновацияларды енгізу тәсілдерін жетілдіру үшін аса маңызды.”

Начальник отдела менеджмента Центра информационного моделирования Зарина Кабжан выступила в ключевой сессии открытия Саммита — «Collaborate and Inspire», представив доклад на тему цифровой трансформации Казахстана через внедрение BIM-технологии. Также она приняла активное участие в панельной дискуссии, где обсуждались преимущества внедрения openBIM,  влияние культурного многообразия в отрасли и важность профессиональных компетенций в области информационного моделирования.

Үш күндік buildingSMART саммиті барысында қатысушылар саладағы өзекті мәселелер мен үрдістерді талқылайды. 21 наурызда ұлттық чаптерлердің басшыларының стратегиялық отырысы өтеді, онда buildingSMART жаһандық экожүйесін дамыту жөніндегі келесі қадамдарды талқылау және келісу жоспарлануда.

Анықтамалық: buildingSMART — сәулет, жобалау, құрылыс және ғимараттарды пайдалануға арналған ашық цифрлық стандарттарды (openBIM) әзірлейтін және ілгерілететін жетекші халықаралық альянс. Ұйым құрылыс саласының тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін цифрлық трансформация мен өзара әрекеттесудің жалпыға қолжетімді стандарттарын енгізуге ұмтылады.

2024 жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында buildingSMART Kazakhstan бөлімшесі (чаптер) құрылды. Оның мақсаты – openBIM қағидаттарын ілгерілету және құрылыс саласын цифрландыру бойынша халықаралық тәжірибені Қазақстанда бейімдеу.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.