«Сәулет және құрылыс» саласындағы ең үздік ғылыми жұмыс нәтижесі жарияланды

«Сәулет және құрылыс» саласындағы ең үздік ғылыми жұмыс нәтижесі жарияланды

ҚазБСҚА алаңында сәулет және құрылыс саласындағы студенттер мен магистранттар арасындағы үздік ғылыми жұмыс жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл жоба КазБСҚА университетімен және «MAURER SPS GmbH» компаниясының қолдауымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып, сәулет және құрылыс саласындағы жастар үшін маңызды додаға айналды.

Биыл конкурсқа 50-ден астам ғылыми жоба қатысып, олардың арасынан 30 үздік жоба екінші кезеңге өтті. Олардың арасынан инновациялық деңгейі жоғары және ғылыми тұрғыдан жақсы дайындалған 10 жоба жеңімпаз ретінде таңдалды.

Ұсынылған жобалар құрылыс саласындағы ең маңызды бағыттарды қамтыды.

Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды, ал жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады.

Бұл іс-шара жастардың құрылыс саласына, әсіресе, сейсмикалық қауіпті аймақтарды дамытуға белсене ат салысып жатқандығын көрсетті. Конкурс ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға жоғары деңгейдегі дайындықтарына ризашылық білдірді және Қазақстанның құрылыс сапасын жақсартуға үлес қосқандары үшін алғыс білдірді.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.