Deep Mixing 2024: топырақты нығайтудың озық әдістері, тәжірибе және зерттеулермен алмасу

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ негіздер, іргетастар және сейсмикалық шағын аудандастыру зертханасының мамандары 2024 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында Жапониядағы Иокогама қ. өтіп жатқан Deep Mixing 2024 халықаралық конференциясына қатысуда.

Іс-шара Жапония, АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Германия және басқа да елдерден әлемнің жетекші мамандары мен сарапшыларын жинап, топырақты терең араластыру технологиясындағы жаңа жетістіктері мен тенденцияларды талқылады. Бұл технологиялар іргетастарды салуда, негіздерді нығайтуда және экологиялық мәселелерді шешуде белсенді қолданылады. Конференцияның тақырыбы –«Тереңнен араластырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және тұрақты даму».

Топырақты тереңнен араластыру технологиялары құрылыс нысандарының беріктігі мен өміршеңдігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ олардың сейсмикалық әсерлермен басқа да табиғи апаттарға төзімділігін арттыруда шешуші рөл атқарады. Конференцияда әсіресе Қазақстан үшін өзекті болып табылатын сейсмикалық қауіпті аймақтардағы беткейлерді қорғау және топырақтың сейілуін болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Талқыланған мысалдардың қатарында Жаңа Зеландиядағы Напьер портында сейсмикалық сейілуді болдырмау мақсатында топырақты алдын ала өңдеу үшін тереңненараластыруды қолдану бойынша табысты жоба бар. Бұл тәжірибе инфрақұрылымдық нысандарды жер сілкінісі кезінде қираудан қорғаудағы технологиялардың тиімділігін көрсетеді және әлемнің басқа аймақтары үшін маңызды мысал ретінде қызмет етеді.

Басқа өзекті тақырыптардың қатарында топырақты жақсарту үшін заманауи материалдар мен әдістерді қолданудың инновациялық тәсілдері бар, бұл олардың көтергіштігін және сыртқы ортаның әсеріне төзімділігін арттыруға көмектеседі. Процестерді автоматтандыру және цемент қадаларының сапасын бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді пайдалану сияқты озық технологияларды біріктіруге де көп көңіл бөлінуде.

Маңызды тақырып-көміртегі шығарындыларын азайтуға және құрылыстағы экологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған әдістер, бұл инфрақұрылымның тұрақты дамуы үшін де маңызды.

Deep Mixing 2024-ке қатысу «ҚазҚСҒЗИ» АҚ үшін әлемдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға және құрылыс саласындағы жаңа зерттеулермен танысуға маңызды мүмкіндік. Бұл Қазақстанда берікнысандарды жобалау мен тұрғызуда инновациялық тәсілдерді енгізуге көмектеседі.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.