«Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыру үшін порталға жеке жүйелерді интеграциялау мәселелері

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтында «Iqurylys» ЖШС компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Сапардың негізгі мақсаты – «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арналған порталға (kds.eQurylys.gov) жеке ақпараттық жүйелерді қосу.

Қазақстан Республикасы Өндіріс және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арналған порталдың иесі, ал «ҚазҚСҒЗИ» АҚ — оның операторы болып табылады.

Кездесу барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары құрылыс саласындағы процестерді жақсарту үшін цифрлық шешімдерді белсенді әзірлейтін және порталмен ынтымақтастықта маңызды перспективаларды көздейтін «Iqurylys» компаниясының презентациясымен танысты.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ және «Iqurylys» ЖШС өкілдері құрылыс саласында бірыңғай цифрлық платформа құру үшін жеке ақпараттық жүйелерді порталмен интеграциялау бойынша мүмкіндіктерді талқылады.Атап айтқанда, компанияның шешімдерін портал функционалына бейімдеудің техникалық талаптары мен мүмкіндіктері қарастырылды, бұл құрылыс процестерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.