«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Татарстандағы құрылыс конференциясында баға белгілеу мәселелеріндегі тәжірибесімен бөлісті

Қазанда «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VIII халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараға дәстүрлі түрде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген құрылыс кешендері мен сараптамалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция бағдарламасы төрт тақырыптық сессияны қамтыды, онда сарапшылар құрылыс сараптамасын дамытудың негізгі бағыттарын талқылады. Сессия тақырыптары келесі мәселелерді қамтыды:

- Құрылыс сараптамасы институтын дамытудың стратегиялық басымдықтары.

- Тиімді тапсырыс беруші-табысты жобалардың кепілі.

- Құрылыстағы цифрлық басқару.

- Құрылыс бағасын басқару.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Жұмабекұлы Қажкенов бастаған Қазақстан делегациясының құрамында "ҚазҚСҒЗИ" АҚ құрылыстағы нормалау орталығының директоры Хасен Арман болды. Ол "Посткеңестік елдердің құрылыс саласында баға белгілеу жүйелерін дамытудың қазіргі қиыншылықтары мен келешектегі дамуы" тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде Кеңестік кезеңдегі сметалық-нормативтік базалардың эволюциясы мен ұлттық сметалық-нормативтік базалардың қалыптасу кезеңдеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Хасен Арман өндірістік қағидалардың бірыңғай жүйесінің болмауы, ескірген сметалық нормалар мен әдістер, жаңа технологиялар үшін нормативтердің жетіспеушілігі сияқты құрылыстағы сметалық баға белгілеудің ішкі жүйесінің негізгі мәселелерін атап өтті.

Баяндама барысында ол құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі мен сметалық бағасын бүгінгі күндегі есептеу құрылымына қатысты сауалдарға тоқталды. Сонымен қатар құрылыс саласындағы баға белгілеу жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсынды. Хасен Арман сметалық баға белгілеудің тиімділігін арттыру және халықаралық деңгейде құрылыс саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сандық технологиялар мен заманауи әдістерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Әр баяндаманың қорытындысы бойынша ашық пікірталастар өткізілді, оған Қазан Кремль алаңындағы қонақтар да, виртуалды платформа арқылы қосылып онлайн көргендер да қатысты.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.