«ҚазҚСҒЗИ» АҚ корпоративтік университеті құрылыс саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруда
- Август 2, 2024
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ корпоративтік университеті «АлмаТау Construction» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлері үшін Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN құрылыс нормаларын қолдану бойынша біліктілікті арттыру курстарын сәтті өткізді.
«АлмаТау Construction» ЖШС қызметкерлеріне арналған курс 24 академиялық сағатқа созылды және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау мен салу тақырыптарын қамтыды. Оқыту бағдарламасы құрылыс конструкцияларының қауіпсіздігін, пайдалануға жарамдылығы мен ұзақ мерзімділігіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, жобалау мен құрылыстың әртүрлі аспектілерінде Еурокодтарды қолдану қағидаларын игеруге бағытталған.
«Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлері үшін жеке курс Қазақстан Республикасы ережелер жинағына (ҚР ЕЖ EN) 1997-1:2004/2011 және ҚР НТҚ 07-01.4-2012 сәйкес табиғи негізде іргетастарды геотехникалық жобалау мен есептеуді қамтыды. Оқыту іргетастарды есептеу және жобалау әдістерін егжей-тегжейлі талдауды, жердің жағдайын зерттеуді және геотехникалық жобалауда заманауи тәсілдер мен технологияларды енгізуді қамтыды. Барлық қатысушыларға оқуды аяқтағаннан кейін біліктілік мен білімді растайтын сертификаттар берілді.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ 2015 жылдың мамыр айынан бастап ҚР ҚН EN құрылыс нормаларын негізгі әзірлеуші ретінде құрылыс саласының инженерлік-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарларын өткізеді. Оқу бағдарламалары құрылыс сапасын жақсартуға, нысандардың қауіпсіздігін арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар, кәсіби дағдыларды дамытуға және озық технологияларды енгізуге ықпал етеді.