Тәжірибе алмасу және инновациялар: ТМД қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымы отырысының негізгі нәтижелері

Алматыда ТМД қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымының кезекті отырысы өтті.

Оған ТМД-ның бес елінен келген өкілдер, сондай-ақ Канада, Қытай, Германия және Жапониядан шақырылған мамандар қатысты.

Іс-шара Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының бас директоры Бегман Кульбаевтың төрағалығымен өтті.

Отырыстың ашылуында Бегман Қульбаев сейсмикаға төзімді құрылыс саласында бірыңғай техникалық саясатты әзірлеу және іске асыру бойынша күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын айтты. Дүние жүзіндегі соңғы жойқын жер сілкіністерін ескере отырып, ол халықаралық өзара әрекеттердің қажеттілігін атап өтті.

ТМД қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымының отырысы өңірдегі сейсмикалық қауіпсіздікті жетілдіруде шешуші рөл атқарады. Бұл іс-шара елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасу үшін стратегиялық маңызға ие.

Отырыстың негізгі тақырыптары Орталық Азия елдері үшін бірыңғай нормативтік база, ғимараттарды паспорттау тәжірибесі мен сейсмикалық сынақтар туралы және сейсмикалық тәуекелдерді азайту әдістері, халықаралық қауымдастықтардың қызметі және сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы соңғы жетістіктер жайлы баяндамаларды қамтыды.

Өз кезегінде "ҚазҚСҒЗИ " АҚ 2024 жылғы 23 қаңтар мен 4 наурызда Алматы қаласында болған жер сілкіністерінен кейін ғимараттарды жедел зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Отырыс аясында мамандарға арналған семинарлар, конференциялар мен тренингтер, сондай-ақ вибродинамикалық сынақтар өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ТМД қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымының мәртебесі 2019 жылы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына ("ҚазҚСҒЗИ"АҚ)берілген болатын.

Осындай жобаларға қатысуы және ұйымдастыру Ұлттық құрылыс саласының дамуына ықпал етеді. Жойқын жер сілкіністерінің әсерін азайтып, айтарлықтай экономикалық шығындарды болдырмауға көмектеседі.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.