Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
- Июнь 16, 2024
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
Комментариев нет

“Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты” АҚ қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтайды!
Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың қазығы болып табылады, қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді.
Құрбан айт жүректеріңізге жарқын үміт ұялатып, ертеңгі күнге деген сенімдеріңізді нығайта түссін.
Әр отбасына амандық, береке-бірлік, мол бақыт, бейбіт өмір және кең өріс тілейміз!