Алматыда салынып жатқан қоймалардың іргетасының астындағы топырақты нығайту: "ҚазҚСҒЗИ" АҚ жұмыстар кешенін аяқтады

Алматының Алатау ауданында орналасқан логистикаға арналған қоймалардың іргетасының астындағы топырақты нығайту бойынша "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары ұсынымдар әзірлеу үшін жүргізілген жұмыстар кешенін аяқтады.

Жүргізілген талдамалық есептеулер негізінде "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қызметкерлері теріс үйкеліс пен жер сілкінісінің әсерін ескере отырып, топырақтың көтергіш қабілетін анықтау үшін қадалар арқылы бақылау далалық сынақтарын жүргізді.

Инженерлік-геологиялық зерттеулер есебі ауданда әртүрлі топырақ түрін, соның ішінде саздақтар мен үйінді топырақтардың барын көрсетті.

Далалық зерттеулер мен сынақтар секторының меңгерушісі Жәмек Нұркеннің айтуынша, мұндай топырақтарда құрылыс жүргізу кезінде сәтсіздіктердің алдын алу және оның физикалық және механикалық қасиеттері бойынша негізді біркелкі ету үшін шаралар қабылдау маңызды. Топырақ төсемі мен тік арматуралық элементтері бар қадалар іргетасы үшін ең қолайлы нұсқа болып табылады.

Осыған байланысты бағаналы іргетастың әр түріне диаметрі 600-ден 800 мм-ге дейінгі бұрғылау қадаларын қолданып, мықтап орнату арқылы негізді нығайту ұсынылады. Қадалардың ұзындығы рельефтің қиғаштығына байланысты өзгеріп отырды және 9,5 м-ден 15,5 м аралығында болды.

Алынған материалдар техникалық есептің құрамына енгізіліп, тапсырыс берушіге берілді. Бұл қадалардың, топырақтың, қадалардың іргетасының көтергіштігі туралы негізгі қорытынды жасауға, жобаға қажетті өзгерістерді уақтылы енгізуге, жұмыс өндірісінің дұрыс технологиясын таңдауға және таңдалған жер учаскесінде құрылыс мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік берді.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.