«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Қытайдағы «Jiangsu Force set Vibration Control Technology Co.» зауытына барды
- Май 29, 2024
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мен қытайлық «Forceset» компаниясы арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Нанкин қаласындағы сейсмикалық оқшаулау және діріл белсенділігін бақылайтын жүйелер шығаратын зауытқа барды.
Іс-сапар аясында қытайлық әріптестер сейсмикалық оқшаулау және демпферлеу жүйелері және жабысқақ демпферлердің Қытай аумағында, шетелдерде ғимараттарды, құрылыстарды және инженерлік жүйелерді салуда белсенді қолданылатын өнімдерінің басқа да түрлерінің жасалу жолымен таныстырды. Сондай-ақ ҚХР-ның жер сілкінетін аудандарында құрылыс жүргізгенде заманауи қамтамасыз ету жүйелерін сынау үшін қолданылатын зертханалық жабдықтарды көрсетті.
«Forceset» компаниясының басшысы Ye Yong Quan мырзамен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында қытайлық әріптестер компанияның қызметімен және оның құрылымымен таныстырды.
Өз кезегінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры Бегман Кульбаев қытайлық әріптестерді институт қызметінің негізгі бағыттармен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғимараттар мен құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде және құрылыс құрылымдарын есептік талдауда тәжірибе алмасуды, мамандардың біліктілігін арттыруда екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай белсенді жалғастырмақ.
Сонымен қатар «ҚазҚСҒЗИ» АҚ «Forceset» компаниясының сарапшыларын ағымдағы жылдың 26-27 маусымында Алматы қаласында жоспарланған сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымның кезекті отырысына шақырды