Алматыда индустриялық құрылысты дамытудың ең өзекті міндеттері талқыланады
- Февраль 22, 2024
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар
«Индустриялық құрылыс» Халықаралық форумы (Full Precast Concrete Building) Қазақстанның құрылыс саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
2024 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласында "индустриялық құрылыс" Халықаралық форумы өтеді.
Германия, Италия, Қазақстан, Корея, АҚШ, Түркиядан және басқа елдерден келген индустриялық құрылыс саласының сарапшылары мен белгілі практиктері құрылысты дамытудың ең өзекті міндеттерін талқылау үшін Алматыда жиналады. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан халықаралық форум дәстүрлі түрде конференция форматында өтеді және биыл өзінің ауқымы мен географиясын кеңейтеді.
«Индустриялық құрылыс» Халықаралық форумы (Full Precast Concrete Building) Қазақстанның құрылыс саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Іс-шара аясында сарапшылардың құрылыс тақырыбы бойынша баяндамасы жоспарланған.
Форумның негізгі міндеттерінің бірі құрылыс материалдарын жасау, құрылыс технологияларының өзекті мәселелерін талқылау, IT-құралдарын пайдалану – BIM (Building Information Model), PDM (Product Data Management) – процестердің тиімділігін арттыру, құрылыс саласындағы шығындарды азайту болып табылады.
Іс-шараға ірі құрылыс компанияларының өкілдері, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Польша, Венгрия, Италия, БАӘ және т.б. елдердің жетекші мамандары мен сарапшылары қатысады. Форум барысында құрылыс қызметінің түрлі бағыттары бойынша пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастар өтеді деп күтілуде.
Сондай-ақ қатысушылар өнеркәсіптік және коммерциялық ғимараттар, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар (мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары), сондай-ақ көпірлер, инфрақұрылым объектілері үшін қолданылатын құрама бетонның құрылыс жүйелерін қолдану туралы толық ақпарат алады. Бұл жүйелер архитектураның әртүрлілігіне, жоғары жылу мен дыбыс оқшаулауына, сондай-ақ тұрақтылық пен қауіпсіздікке бағытталған.
Сонымен қатар, ең үнемді, экологиялық және қауіпсіз болып табылатын (соның ішінде сейсмикалық қауіпті аймақтардағы эксперименттік зерттеулер), сондай-ақ эстетиканың заманауи талаптарға жауап беретін тәсілдер мен шешімдер қозғалады.
Толық ақпаратпен осы сайт арқылы таныса аласыз. сайте