Алматыда тұрғын үй кешені алаңында топырақты қадалармен сынау жұмысы аяқталды
- Январь 24, 2024
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары темірбетон қадаларының көмегімен топырақты статикалық сынауды аяқтады. Жұмыстар ГОСТ 5686-2020 талаптарына сәйкес далалық сынау әдісімен жерге басу жүктемесі арқылы жүргізілді. Алдағы уақытта бұл алаңда көппәтерлі тұрғын үй кешені, жерасты паркингі бой көтереді деп жоспарлануда.
Ғимарат тұрғызып, құрылысты жобалау және жүргізу кезіндегі жұмыстың негізгі кезеңі, ол – іргетасын қаламас бұрын қадалармен топырақ сынақтарын жүргізу немесе қадалардың жүк көтергіштігін нақты анықтау. Әрі, жобалау құжаттамасының талаптарға сай болуын бақылау болып табылады.
Как отметил заведующий сектором полевых исследований и испытаний Жамек Нуркен, испытания грунтов проводилось поэтапно «натурным» статическим методом. Ступени нагрузок сообщались сваям гидравлическими домкратами при помощи системы анкерных балок. Регистрация величины нагрузки, а также наблюдения за перемещениями свайных фундаментов осуществлялись специализированным оборудованием с учетом условной стабилизации, не превышающей 0,1 мм осадки за последние 2 часа наблюдений. Продолжительность испытания грунтов на вдавливание одной сваи составляло 28-30 часов.
Сынақтың бұл түрі қысым жүктемелерінің әсерінен қаданың топырақтағы кедергісін анықтаудың ең сенімді әдісі болып табылады. Осылайша табиғи жағдайда топырақты сынауға мүмкіндік береді және болашақ құрылымның іргетасы ретінде қаданың нақты жұмысын мүмкіндігінше дәл модельдеуге болады. Әрі, қадалардың жүк көтергіштігін олардың статикалық сынақтарының нәтижелері бойынша бағалау әдісі жердегі жүк көтергіштігінің есептік мәні емес, дәл мәні негізінде жобалау шешімін жасауға мүмкіндік береді.