Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі кеңесшісі
Біліктілік талаптар:
-
Кеңесші лауазымына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және басқару лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
Міндеттері (талаптар):
- Бірінші басшының тапсырмасы бойынша Қоғам қызметінің жекелеген жедел және перспективалық мәселелері бойынша ақпарат, анықтамалар, реферат және баяндамалар дайындайды және қажет болған жағдайда осы мақсаттар үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін тартады;
- бірінші басшының бұйрықтарын, тапсырмалары мен өкімдерін уақтылы орындауға бақылауды жүзеге асырады;
- Қоғамда дайындалатын бұйрықтар мен өкімдер жобаларының бірінші басшымен келісу алдында жоғары тұрған органдардың құжаттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;
- бөлімше басшыларынан және жауапты орындаушылардан бірінші басшыға қажетті анықтамалар мен басқа да материалдарды, сондай-ақ бірінші басшының бұйрықтарының, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуы туралы ақпаратты талап етеді;
- жоспарлардың орындалуын бақылау және ұйымның ырғақты жұмысын ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмысына, өндірісті басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
- бас директорды Қоғам жұмысындағы кемшіліктер, оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етеді; Қоғамның жұмыс берушісі мен органдарының ішкі актілерінің талаптарын сақтайды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңнамада көзделген талаптардың, бейбәсекелестік шарттарының, құпия мәліметтер мен коммерциялық құпияны таратпау туралы талаптардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, ақпараттық саясаттың және Қоғамның қызметін тікелей қозғайтын басқа да актілердің сақталуын қамтамасыз етеді; Еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өртке қарсы қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс талаптарын сақтайды; бірінші басшының тапсырмалары негізінде Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға қатысады
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ экономикалық қызмет түрінің экономикалық және техникалық дамуының бағыттарын, өндірісті басқаруды айқындайтын әдістемелік материалдарды;
- Оперативтік басқару негіздерін, қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін техникалық-экономикалық жоспарлау және талдау негіздерін;
- Қоғамның өндірістік құрылымын және басқару құрылымын;
- Бөлімшелер арасындағы өндірістік және функционалдық байланыстарды;
- Шаруашылық жүргізу әдістерін, менеджмент пен маркетинг негіздерін;
- Іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелерін, орындалуын бақылау түрлері мен әдістерін, ұйымдық-өкімдік құжаттаманың біріздендірілген жүйесінің стандарттарын;
- Іскерлік келіссөздер жүргізу қағидаларын, ішкі еңбек тәртібін, кеңсе техникасы мен компьютерді пайдалану ережелерін, іскерлік қатынас этикасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттар тізімін info@kazniisa.kz электронды мекен-жайға тапсыруы қажет
Конкурсқа қатысуға ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі:
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
5. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
6. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
7. әскери есепке алуды растайтын құжаттың көшірмесі (тіркеу куәлігі немесе әскери билет);
8. денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9. соттылықтың болуы / болмауы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа 18 жасқа толған және бос лауазымдар үшін біліктілік талаптарына сай келетін барлық азаматтар қатыса алады.
Конкурсқа:
-
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған адамдар;
-
конкурстық іріктеу уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;
-
өзі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуы туралы көрінеу анық емес мәліметтер ұсынған адамдар қатыса алмайды;
-
өздерінің жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты болатын бос лауазымға орналасуға құқығы жоқ.
👥 Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар болған кезде, сондай-ақ тұлға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.
📋 Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік екі күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесу/сұхбат өткізу орны (офлайн, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 3 шағын аудан, 44а үй) және нысаны (онлайн, skype-конференция немесе WhatsApp арқылы) қосымша хабарланады.
✅ Конкурстық іріктеу нәтижелері үміткерлерге түйіндемеде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама немесе телефон байланысы арқылы хабарланады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11 тамыз 2025 жылдан бастап – 20 тамыз 2025 жылға дейін, 10 күнтізбелік күн ішінде, хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
☎️ Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 727 276 21 29