Жүйелік әкімшінің ассистенті

жалақы белгіленбеген

Толық уақыт, толық күн

Біліктілік талаптар:

  • IT мамандығы бойынша жоғары техникалық специализации

Міндеттері:

  • - қызмет көрсетілетін құрылғылар мен жабдықтардың жарамды жай-күйін, апатсыз және сенімді жұмысын, олардың дұрыс пайдаланылуын, уақтылы сапалы жөндеуді қамтамасыз етеді;
  • - құрылғылардың жұмыс жағдайларын зерттейді, мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтайды, олардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды; - осы құрылғыларды пайдаланатын қызметкерлерге оларды пайдалану ережелері және өндірістік жарақаттардың алдын алу шаралары туралы нұсқау береді;
  • - құрылғылардың жұмысындағы ақауларды жоюға, оларды жөндеуге, монтаждауға және реттеуге қатысады;
  • - бекітілген құрылғы түрі бойынша техникалық қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және басқа да жұмыстардың прогрессивті әдістерін меңгереді және енгізеді;
  • - бекітілген техникалық құралдардың сенімділігін, жұмыс сапасын арттыру, қолданыстағы құрылғыларды игеру және жаңғырту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
  • - материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға өтінім жасауға қатысады және оларды үнемді және ұтымды жұмсауды қамтамасыз етеді;
  • - күрделі жөндеуден кейін электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және әртүрлі қуаттылықтағы трансформаторларды кешенді сынауға қатысады;
  • - жөнделген ұйымдастыру техникасын пайдалануға беруге дайындайды;
  • - Қоғам басшылығы тапсырған өзге де қызметтерді орындайды.
  • - өзге де қызметтерді орындайды.

БҚ білу міндетті талап:

  • Java; Photoshop, DaVinci Resolve, Sony Vegas, OBS Studio,Sketch UP; MS Office (Exсel, Word, Outlook)

  • Информатика, жоғары математика негіздері.
  • Алгоритмдер теориясының негіздері, формалды тілдерді құру әдістері, деректердің негізгі құрылымы, машиналық графика негіздері, заманауи ДК және ЭЕМ құрудың сәулеттік ерекшеліктері мен физикалық негіздері.
  • - Деректердің негізгі модельдері және оларды ұйымдастыру.
  • - Жүйелік бағдарламалау тілдері.
  • - Сұрау тілдерін құру және деректерді басқару принциптері.
  • - Синтаксис, семантика және бағдарламалау тілдерін сипаттаудың ресми әдістері, таратылған және параллель бағдарламалау конструкциялары, аудару әдістері мен негізгі кезеңдері.
  • - Сараптамалық жүйелерді құру принциптері.
  • - Деректерді басқару әдістері мен механизмдері.
  • - Операциялық жүйелерді ұйымдастыру принциптері, құрамы және жұмыс сызбалары.
  • - Ресурстарды басқару принциптері, файлдық жүйелерді ұйымдастыру әдістері.
  • - Желілік өзара әрекеттесуді құру принциптері.
  • - Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің негізгі әдістері.
  • - Аппараттық қамтамасыз ету.
  • - Ақпараттық заңнама.
  • - шығыс материалдарының, қосалқы бөлшектердің нормалары;
  • - Қоғамның ішкі құжаттары;
  • - Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері;
  • - еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттар тізімін электронды мекенжайға ұсынуы қажет info@kazniisa.kz.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  4. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  5. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  6. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
  7. денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. соттылықтың болуы / болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа 18 жасқа толған және бос лауазымдар үшін біліктілік талаптарына сай келетін барлық азаматтар қатыса алады.

⚠️ Келесі тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

  1. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған адамдар;

  2. конкурстық іріктеу уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

  3. өзі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі туралы көрінеу жалған ақпарат берген;

  4. өзі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуы туралы көрінеу анық емес мәліметтер ұсынған адамдар қатыса алмайды;

👥 Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар болған кезде, сондай-ақ тұлға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

📋 Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік екі күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

🏛️ Әңгімелесу/сұхбат өткізу орны (офлайн, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 3 шағын аудан, 44а үй) және нысаны (онлайн, scype-конференция немесе WhatsApp арқылы) қосымша хабарланады.

✅ Конкурстық іріктеу нәтижелері үміткерлерге түйіндемеде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама немесе телефон байланысы арқылы хабарланады.

🕜 Срок приема документов: с 24.02.2025 – 06.03.2025 года, в течение 10 календарных дней, который исчисляется со дня публикации объявления.

☎️ Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 727 276 21 29

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО «КазНИИСА» или отправьте заявку онлайн.

🌙🌎☀️
Жаңарған Қазақстанның жаңа бағыты.

Кульбаев Бегман Бахитұлы
Кульбаев Бегман Бахитұлы
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.