«ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыс нормалау және баға белгілеу саласында ҚХР-мен ынтымақтастықты нығайтуда.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыс нормалау және баға белгілеу саласында ҚХР-мен ынтымақтастықты нығайтуда.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ делегациясы «Мемсараптама» РМК-мен бірлесіп Қытайға жұмыс сапарымен барды. Негізгі мақсат — құрылыс саласындағы баға белгілеу, нормативтік-техникалық реттеу және ірі инфрақұрылымдық жобалардың құнын басқару бойынша тәжірибе алмасу.
Сапар аясында ҚХР-дың жетекші ұйымдарымен, соның ішінде RISN, QingJu Technology (Greetec) және Beijing Urban Construction Design & Development Group (BJUCD) өкілдерімен кездесулер өтті. Мамандар сметалық құнды қалыптастырудың заманауи тәсілдерін, шығындарды басқару және бірлескен жобалардың болашағын талқылады.
Ынтымақтастықты дамытуға және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мен RISN арасында меморандумға қол қою мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға және құрылыс нормалау мен баға белгілеу саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға өзара қызығушылық білдірді.



[an error occurred while processing the directive]
[an error occurred while processing the directive]