«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Қытай халық республикасымен құрылыс құнын қалыптастыру және басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- Май 15, 2026
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Қытай халық республикасымен құрылыс құнын қалыптастыру және басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Құрылыста нормалау орталығының директоры Хасен Арман Қытай халық республикасының құрылыс құнын басқару қауымдастығы (CCEA) және Beijing Qiushi Engineering Management Co., Ltd. өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізді.
Сапардың мақсаты құрылыс құнын қалыптастыру және басқару саласындағы Қытай тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ халықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту болды.
Кездесулер барысында тараптар құрылыс құнын қалыптастырудың заманауи тәсілдерін, нарықтық тетіктерді қолдану мәселелерін және құрылыс жобаларын сүйемелдеудегі кәсіби консалтингтік ұйымдардың рөлін талқылады. Қытайда мемлекеттік органдар реттеуші және үйлестіруші функцияларды атқаратыны, ал баға қалыптастыру мәселелерінде негізгі рөл нарықтық тетіктер мен мамандандырылған компанияларға берілгені атап өтілді.
Сондай-ақ баға туралы ақпаратты жинау және талдау, құрылыс құнын болжау және құрылыс құнын басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесулер қорытындысы бойынша құрылыс құнын басқару саласында тәжірибе алмасуды жалғастыру, өзара сапарлар ұйымдастыру және Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.