Қазақстан мен Беларусь құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
- Май 14, 2026
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар
Қазақстан мен Беларусь құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
Бүгін ҚазҚСҒЗИ АҚ қызметкерлері Беларусь Республикасының Главгосстройэкспертиза РУК өкілдерімен жүздесті.
Басқосуда тараптар баға қалыптастыру, сәулет, қала құрылысы және оны бақылау, техникалық нормалау, сондай-ақ нормативтік базаны машинамен оқылатын форматқа көшіру секілді құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Бұдан бөлек, мемлекеттік құрылыс сараптамасын жетілдіру, процесстерді цифрландыру және нормативтік-техникалық реттеу тетіктерін дамыту тұрғысында тәжірибе алмасу жөнінде уағдаласты.
Жиынға қатысушылар Қазақстан мен Беларусьтің бейінді ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, өзара тәжірибе бөлісуді жалғастыруға қызығушылық танытты.