buildingSMART Kazakhstan өкілдері Puskás Aréna мысалындағы OpenBIM және IFC үйлестіруіне арналған халықаралық вебинарға қатысады

buildingSMART Kazakhstan өкілдері Puskás Aréna мысалындағы OpenBIM және IFC үйлестіруіне арналған халықаралық вебинарға қатысады

8 шілдеде нақты жоба – Puskás Aréna мысалында OpenBIM технологияларын, IFC үдерістерін және жобалық деректерді цифрлық үйлестіруді практикалық тұрғыда қолдануға арналған «OpenBIM in Practice: Puskás Aréna Workflow Case» атты халықаралық тегін онлайн-вебинар өтеді.

Іс-шараны CACTUS және GRAPHISOFT Archicad компаниялары GRAPHISOFT, buildingSMART Kazakhstan ұйымымен серіктестікте, сондай-ақ KÖZTI және Novu компанияларының қатысуымен ұйымдастырады.

Вебинар барысында сарапшылар OpenBIM тәсілдерін енгізудің практикалық тәжірибесін, жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылын, IFC форматындағы ақпарат алмасуды және Archicad бағдарламасындағы жұмыс үдерістерін үйлестірудің тиімді әдістерін таныстырады.

Вебинар спикерлері:

Dávid Petri — Designer, Lead BIM Manager, Közti Zrt.
Zoltán Jánky — BIM Expert, Managing Director, NOVU Design and Engineering Ltd.
Zarina Kabzhan — Vice-Chair, buildingSMART Kazakhstan
Konstantin Badashvili — Technical Director, buildingSMART Kazakhstan

buildingSMART Kazakhstan ұйымы өкілдерінің, оның ішінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның құрылысты цифрландыру бағытымен байланысты мамандарының қатысуы OpenBIM тәсілдерін дамыту, ақпарат алмасудың халықаралық стандарттарын енгізу және құрылыс саласының ақпараттық модельдеу технологияларын практикалық қолдануға дайындығын арттыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын айқындайды.

Вебинар жобалаушыларға, BIM-менеджерлерге, сәулетшілерге, инженерлерге, тапсырыс беруші ұйымдардың өкілдеріне, сараптама ұйымдарына, білім беру мекемелеріне және OpenBIM технологияларын іс жүзінде қолдануға қызығушылық танытатын барлық мамандарға пайдалы болады.

Күні: 8 шілде
Уақыты: Тбилиси уақыты бойынша – 14:00, CEST – 12:00, Алматы уақыты бойынша – 15:00
Форматы: тегін онлайн-вебинар
Тіркелу: cactus.ge/en-openbim-webinarr



[an error occurred while processing the directive]
[an error occurred while processing the directive]