Қазақстандағы buildingSMART және Бразилиядағы buildingSMART ұйымдарының онлайн-кездесуі: құрылыс саласындағы цифрлық трансформация тәжірибесімен алмасу
- Май 5, 2025
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар

buildingSMART International қолдауымен buildingSMART Kazakhstan және buildingSMART Brazil ұлттық бөлімшелері арасында онлайн-кездесу өтті.
Іс-шара барысында бразилиялық әріптестер openBIM технологиясын енгізу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, мүдделі тараптарды тарту, сондай-ақ кәсіби форумдар мен салалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша құнды практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бразилиялық әріптестеріне білімдерімен бөлісуге дайын болғандары үшін алғысын білдіреді, сондай-ақ buildingSMART International ұйымына халықаралық диалогты дамытуға және ұлттық бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіреді.
Қазақстан үшін бұл кездесу құрылыс саласын цифрлық трансформациялау және жаһандық BIM қауымдастығына интеграциялау жолындағы маңызды қадам болды. Халықаралық ынтымақтастық аясында түрлі елдердің buildingSMART ұлттық бөлімшелерімен тәжірибе алмасуға, бірлескен бастамаларды әзірлеуге және құрылыс саласын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізу жоспарлануда.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ елімізде ақпараттық модельдеу технологияларын одан әрі дамыту үшін алынған білімдерді белсенді түрде пайдалануға ниетті, бұл өз кезегінде құрылыс саласындағы үдерістердің тиімділігін, ашықтығын және сапасын арттыруға ықпал етеді.