«ҚазҚСҒЗИ» АҚ тәжірибе жүргізу алаңында құрастырмалы темірбетон конструкцияларының сынақтары өткізілді
- Февраль 14, 2025
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары тұрғын және қоғамдық ғимараттарға арналған ілінетін темірбетон панельдерінің эксперименттік сынақтарын жүргізді.
Бұл эксперименттік-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – қатқыл конструктивтік схемалары бар ғимараттарға арналған сыртқы қабырғалық темірбетон панельдерінің тиімділігін бағалау және сейсмикалық қауіпті аймақтарда пайдалану мүмкіндігін зерттеу.
Зерттеу барысында келесі міндеттер қойылды:
- • Темірбетон конструкцияларының сейсмикалық жүктемелер әсеріндегі (жазықтықта және жазықтықтан тыс) мінез-құлқын зерттеу.
- • Темірбетон панельдері мен ғимараттың негізгі конструктивтік элементтері арасындағы қосылыстардың сенімділігін тексеру.
- • Сейсмотұрақтылықты қамтамасыз ететін оңтайлы құрылымдық шешімдерді анықтау және антисейсмикалық күшейтуге кететін шығындарды азайту.
- • Темірбетон панельдерінің құрылымдық шешімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- • Қазақстан Республикасының сейсмотұрақты құрылысында ілінетін темірбетон панельдерін қолданудың тиімді салаларын анықтау.
Қасбет жүйелерін эксперименттік зерттеу екі қабатты болат қаңқадан тұратын арнайы сынау орнында жүргізілді. Сейсмикалық жүктемелерді модельдеу үшін стендтің төбесіне В-2 вибромашинасы орнатылып, тербеліс туғызды. Бұл ілінетін темірбетон панельдеріне динамикалық жүктеме түсіруге және олардың ғимарат жүйесіндегі мінез-құлқын зерттеуге мүмкіндік берді.