Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік: «ҚазҚСҒЗИ» АҚ тұрғын үйді 9 баллға дейінгі жүктемеге сынайды
- Декабрь 2, 2024
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Алматы қаласында орналасқан 13 қабатты тұрғын үйге вибродинамикалық сынақтар жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл зерттеулер «РАМС Қазақстан» ЖШС құрылыс компаниясының тапсырысы бойынша орындалады.
Қазіргі уақытта ғимаратта құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары сынақтарды өткізу үшін дайындық іс-шараларын орындауда.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі мақсаты-сейсмикалық жүктемелерге ұқсас жүктемелер кезінде тұрғын үй ғимаратының қабырғалық құрылымдық жүйелерінің өзгеріс ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ оны жобалау кезінде қабылданған есептік алғышарттардың дұрыстығын тексеру.
Жер сілкінісіне төзімділікті сынау барысында тұрғын үйдің конструктивтік схемасы тексеріледі, сынақ процесінде объектінің деформациясының ерекшеліктері мен динамикалық параметрлері анықталады, сондай-ақ әр кезеңнен кейін визуалды тексеру жүргізіледі.
Ғимаратты сынау мерзімі-2024 жылдың 26 қарашасынан 6 желтоқсанына дейін. Сынақ нәтижелері бойынша тапсырыс беруші ғимараттың сипаттамаларын талдап және пайдалануға берер алдында анықталған кемшіліктерді жою үшін ғылыми-техникалық есепті қолдана алады.
Вибродинамикалық сынақтар (вибро және сейсмикалық платформалардағы шағын ғимараттарды сынауды қоспағанда) қолданыстағы құрылыс жағдайында табиғи ғимараттарды сынауға және нақты жер сілкіністерінен кейін объектілердің жай-күйін теориялық болжау үшін қажетті деректерді алуға мүмкіндік беретін іс жүзінде жалғыз әдіс болып табылады.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ ғимараттар мен құрылыстарға осындай табиғи сынақтар жүргізетін ТМД-да жалғыз институт болып табылады. Институттың қызметі құрылыс объектілерінің сенімділігі мен сейсмикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған, бұл сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлер үшін ерекше маңызға ие.