Astana Construction Forum-да құрылыс саласындағы BIM маңыздылығы туралы айтылды

Астанада құрылыс компанияларын, жобалаушыларды, құрылыс материалдарын өндірушілерді, нарық сарапшыларын және мемлекеттік сектор өкілдері мен құрылыс саласының негізгі қатысушыларын жинаған «Astana Construction Forum» өтті. Форумның мақсаты-тәжірибе алмасу және саланың өзекті мәселелерін шешу үшін іскерлік алаң құру.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының құрылыстағы менеджмент бөлімінің бастығы Зарина Кабжан «Барлығына BIM! Құрылыс саласы цифрлық жобалауға қалай ауысуда?» тақырыбында өткен пікірталасқа қатысты.

Талқылау барысында ол салада қолданылатын 3D модельдеуден ТИМСО қолданудағы платформалық тәсілге көшудің маңыздылығын атап өтті. Зарина Кабжан қазіргі заманғы құрылыс саласы өзгерістерді басқару құралдарын интеграциялауды, инвестицияларды бағалауды және объектілерді пайдалану құнын талдауды талап ететінін, бұл жобаларды барлық циклдік кезеңдерінде тиімдірек басқаруға мүмкіндік беретінін айтты.

Зарина Қабжан сонымен қатар ТИМСО-ны енгізуді тежеп тұрған бірнеше факторларды атап өтті. Осындай факторлардың бірі-технологияны қолданудың міндеттелмеуі. Сонымен қатар, ол бастапқы шығындардың жоғары екенін және тапсырыс берушілердің қызығушылығының аздығын атап өтті, бұл цифрлық шешімдерге көшуді баяулатады.

Ол сондай-ақ кейбір жобалаушылар күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру үшін ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданатынына назар аударды, бұл өнімділікті арттырады және қателіктер ықтималдығын азайтады. Бірақ технологияның әлеуетін толық ашу үшін жобаның барлық негізгі қатысушыларының мүдделерін ескеру маңызды. «Тапсырыс берушілер мен инвесторлар үшін инвестициялардың қайтарымы және ұзақ мерзімді шығындарды оңтайландыру мәселелері негізгі болып қала береді. 3D-модельдеу бұл сұрақтарға өздігінен жауап бере алмайды. Алайда, егер үшөлшемді модельді кешенді ақпараттық платформа құрудың негізіне айналдырсақ, стратегиялық шешімдер қабылдауға арналған тиімді құралдарды қолдана аламыз», — деп атап өтті Зарина.

Талқылауға қатысушылар Қазақстанда BIM-ді енгізуді жеделдету құрылыс объектілерінің барлық циклдік кезеңдерінде өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді деген ортақ қорытындыға келді.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.