«WCEE2024» конференциясындағы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның ғылыми жетістіктері

Өндіріс жөніндегі Басқарушы директор Ералы Шоқбаров бастаған «ҚазҚСҒЗИ» АҚ делегациясы жер сілкінісіне төзімді құрылыс бойынша 18-ші дүниежүзілік конференцияға қатысты. (WCEE2024)
WCEE2024 а.ж. 30 маусымы мен 5 шілдесі аралығында Италияның Милан қаласында өтті. Конференцияға 80-нен астам елден 4 000 адам қатысты. Бұл жаһандық іс-шара құрылыс саласындағы қауымдастықтың ғылыми және практикалық тәжірбие жинап, білім мен идеялар алмасу үшін ұйымдастырылған. Дүниежүзілік конференция сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (IAEE) қолдауымен төрт жылда бір рет өткізіледі, Қазақстан атынан ұлттық делегат – Ералы Шоқбаров.
Конференция қатысушылары әртүрлі семинарларға, дөңгелек үстелдер мен презентацияларға барған, мұнда жер сілкінісінен қорғау саласындағы соңғы зерттеулер мен жаңалықтар ұсынылады. WCEE 2024 білім мен тәжірибе алмасудың және жаңа кәсіби байланыс орнатудың маңызды платформасына айналды.
Іс-шараның маңызды тұстарының бірі – инженерия саласындағы әлемдік көшбасшылардың зерттеулері мен жер сілкінісіне төзімді құрылыстарды жобалаудың заманауи тәсілдері туралы айтатын пленарлық сессия болды.
Зертхана меңгерушісі Жасұлан Омаров көпқабатты үйлерді вибродинамикалық сынау бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ жетекші инженер Ғани Темірәліұлы Алматы қаласын паспорттау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Ол әлемнің түрлі елдерінен келген тыңдаушылар мен мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырды және жоғары бағаға ие болды.
Конференция аясында құрылыс ғимараттары үшін сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің озық технологиялары компанияларының көрме павильондары ұйымдастырылды.
WCEE2024 аяқталғаннан кейін дауыс беру арқылы конференцияны өткізуді жоспарлайтын келесі ел таңдалады.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.