ҚазҚСҒЗИ-дағы дөңгелек үстел: Канадалық сарапшымен сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша тәжірибе алмасу

 

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтында дөңгелек үстел өтті. Оған "ҚазҚСҒЗИ" АҚ, "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС мамандары және Канаданың жер сілкінісін жобалау жөніндегі тұрақты комитетінің сейсмикалық тәуекелдер және Ұлттық құрылыс кодексі жөніндегі кеңесшісі, доктор, профессор Туна Онур қатысты және паспорттау тәжірибесімен бөлісті.

Канадалық маманы Туна Онурдың баяндамасында сейсмикалық қауіпті бағалау әдістері мен паспорттаудың практикалық нәтижелері және ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін арттырудың тиімді шешімдерін әзірлеуді таныстырды.

Сейсмикалық тәуекелді бағалау әдісінің негізіне Қазақстан Республикасында қабылданған ұқсас алгоритм, атап айтқанда жылжымайтын мүлік объектілеріне паспорттау жүргізу жатады.

Халықаралық ғылыми қоғамдастықта мол тәжірибесі мен танымалдылыққа ие болған Туна Онур мен "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары екі ел арасындағы сейсмикаға төзімді құрылыс және сейсмикалық тәуекелді бағалау саласындағы тәсілдердің бірдей екенін атап өтті.

Өңірлерде жер сілкінісіне төзімді құрылысты дамытудың өзекті мәселелері мен мүмкіншіліктеріне, жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласындағы халықаралық сарапшылармен өзара байланысқа және одан әрі ынтымақтастық қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел 26-27 маусымда Алматы қаласында өтетін жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымның отырысына орайластырылды. Іс-шара ТМД-ға қатысушы 9 елден және алыс шетелден құрылыс саласындағы бейінді министрліктердің өкілдерін жинайды.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.