«ҚазҚСҒЗИ» АҚ «Әлемдік мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету және зерттеуде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» семинарына қатысты

Түркістанда ҚазҚазақстан, Ресей, Өзбекстан және Ираннан келген ғалымдар, сондай-ақ Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері әлемдік мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды талқылаған халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зерттеуді қорытындылау және оны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра объектісі ретінде сақтау жөніндегі іс-шараларды талқылау болды.

Семинар кесененің қазіргі жай-күйін талқылауға және оны заманауи талаптар мен нормаларға сәйкес сақтаудың және қалпына келтірудің бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік берді.

Семинарда барлық бағыттар бойынша зерттеуге қатысқан сарапшылардың баяндамалары ұсынылды және кесененің сәндік күмбезін сақтау үшін шұғыл шаралар қажет екендігі туралы қорытындылар жасалды. Өз кезегінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары 2023 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама ұсынды. Сондай-ақ, кесене үй-жайындағы температуралық-ылғалдылық режимін одан әрі зерттеу үшін ғалымдарды тарту ұсынылды.

Сондай-ақ, кесене үй-жайындағы температуралық-ылғалдылық режимін одан әрі зерттеу үшін ғалымдарды тарту ұсынылды.

 

Анықтамалық:

              Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Орталық Азиядағы негізгі сәулет ескерткіштерінің бірі болып саналады. Ол IX-XIV ғасырларда жасалған және өз заманының бірегей туындыларының бірі болып қала береді.

              Яссауи кесенесінің сәулеттік-көркемдік маңызын барынша толық ашатын отандық және шетелдік әдебиеттердің саны жеткілікті, алайда оның құрылысының кейбір аспектілері бүгінгі күнге дейін зерттелмеген.

              Дегенмен, оның құрылысында қолданылған инженерлік шешімдер оған көптеген табиғи, техногендік катаклизмдерге төтеп беруге және қазіргі уақыттағы басты көрнекті орындардың біріне айналуға мүмкіндік берді.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.