ҚазҚСҒЗИ-да қоймалық жылжымайтын мүлікте темірбетонды пайдаланудың ерекшеліктері талқыланды

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және құрама темірбетон конструкцияларын қолдану саласында тәжірибе алмасу шеңберінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қабырғасында институт өкілдерінің Ресей, Германия, Италиядан келген жетекші сарапшылармен, сондай-ақ отандық бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – қоймалық жылжымайтын мүлік құрылысында және өнеркәсіптік ғимараттарда темірбетон конструкцияларын тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасу.

Дөңгелек үстел барысында Татьяна Бабичева (Warehouse outsourcing) «Алматы мен Алматы облысының қоймалық жылжымайтын мүлік нарығы» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Қатысушылар қоймалық үй-жайларға сұраныстың өсу серпіні бойынша өзекті мәліметтер мен Алматы облысында іске асырылатын жобаларды қарастырып, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, құрама темірбетон конструкцияларын үлкен үлгілік көлемде қолдану – ұзақ пайдалану тұрғысынан неғұрлым тиімді болып саналады. Қоймалық жылжымайтын мүлікті пайдаланудың өзіндік регламенттері бар, ол – өрт қауіпсіздігі саласындағы өз ерекшеліктері мен инженерлік жүйелердегі сипаттамасы. Мұндай инвестициялық жобалар көлік инфрақұрылымына айтарлықтай байланысты, құрылыс салу аймағы бойынша үлкен масштабқа ие, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру мерзіміне едәуір әсер етеді.

Құрылыс салушы мен өнімдерді жеткізуші компаниялар өкілдері жобаны республиканың басқа облыстарында, одан тыс жерлерде де жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Үлгілік конструкциялар мен күш түсетін конструкцияларға арналған серияларды заманауи нормалаудың міндеттері талқыланып, бизнес пен ғылымның өзара әрекеттесу қадамдары жоспарланды.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.