Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
- Март 21, 2025
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
Комментариев нет

Құрметті Отандастар!
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ атынан сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және жаңа жылдың басталуын білдіретін ежелгі әрі маңызды мереке. Бұл күн – адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырып, бірлік пен келісімнің символына айналған мейрам
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, молшылық пен құт-береке тілейміз. Әр күндеріңіз қуаныш пен табысқа толы болғай!
Құрметпен, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ұжымы