Жобалау және құрылыс кезінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыс отырысы өтті

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Бақытжан Базарбектің және сейсмикалық қауіпсіздік басқармасының, Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының, ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің География және су қауіпсіздігі институтының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, құрылыс, сәулет-жобалау және ғылыми ұйымдардың және басқа мемлекеттік органдардың қатысуымен «Жобалау және құрылыс кезінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында жұмыс отырысы өтті.

Депутаттар Мұрат Әбенов пен Бақытжан Базарбек ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан Құрылыс кодексі жобасы аясында сейсмикаға тұрақты құрылыс саласындағы нормативтік базаны жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Жұмыс отырысы барысында су тасқыны және лай көшкіні қаупі бар аймақтардағы құрылыс нысандарын салу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, отырыс барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ сарапшылары сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы талаптар туралы қатысушыларға презентация ұсынды, соның ішінде сейсмикалық төзімділігін анықтау мақсатында құрылысы біткен нысандарды вибродинамикалық сынақтан өткізу барысынан бейнежазбалар көрсетілді. Отырыс қатысушылары сейсмикалық, тасқынға және көшкінге бейім аймақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын жетілдіру бойынша пікірлерін білдірді.

Жұмыс отырысының қорытындысы бойынша депутаттар қатысушылардың барлық пікірлері мен ұсыныстары Құрылыс кодексі жобасын одан әрі қарау кезінде ескерілетінін атап өтті.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.