«ИНДУСТРИАЛДЫ ҚҰРЫЛЫС»: 2025 ЖЫЛДЫҢ 18-19 АҚПАНЫНДА АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ
- Январь 27, 2025
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
Комментариев нет

2025 жылдың 18-19 ақпанында Алматы қаласында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және «Pogrebnyak & Partners» ЖШС жыл сайынғы «Индустриалды құрылыс» конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Конференция құрылыс индустриясын дамыту мәселелеріне, атап айтқанда, құрастырмалы темірбетон құрылыс жүйелерін (Precast Concrete) қолдануға арналады.
Қатысушылар осы саладағы, мысалы, тұрғын үй ғимараттарын, мектептерді, ауруханаларды, спорттық кешендерді және қоймаларды салу кезінде соңғы үрдістер мен шешімдермен тана алады, сондай-ақ, құрастырмалы темірбетонды қолданудың болашағын талқылайды.
Шараға Қазақстан, Германия, Италия, Корея, Өзбекстан, Моңғолия, Эстония және басқа елдерден сарапшылар қатысады.
Іс-шараның негізгі тақырыптары:
- 1. Құрастырмалы темірбетон құрылыс жүйелерін әртүрлі құрылыс кезеңдерінде қолданудың ерекшеліктері.
- 2. Адамдар мен технологиялардың тиімді өзара әрекеттесу арқылы құрылыс алаңдарының өнімділігін арттыру
- 3. BIM және PDM саласында жобаның барлық кезеңдерінде кешенді шешімдер.
- 4. Инвестициялық-құрылыс жобаларын идеядан бастап пайдалануға беру кезеңіне дейін басқару