«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Алматыда ЖЭО-2 аумағында топырақтың статикалық сынақтарын жалғастыруда
- Январь 17, 2025
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
Комментариев нет
«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ мамандары Алматыда ЖЭО-2 аумағында топырақтың статикалық сынақтарын жалғастыруда.
Аталған сынақтар мамандарға топырақтың физика-механикалық қасиеттерін, оның ішінде көтергіш қабілетін, деформацияларға төзімділігін, сондай-ақ топырақтың отырғыштығы немесе шайылуымен байланысты әлеуетті қауіптерді анықтауға бағытталған.
Сонымен қатар, бұл сынақтар жобалық шешімнің дұрыстығын растау және ЖЭО-2 кешенінің ауқымды модернизациясы аясында тіреуіш негіздердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Модернизацияның мақсаты – станцияның экологиялық әсерін азайту және табиғи газбен жылытуға көшу.