Сейсмикалық оқшаулау саласындағы халықаралық ынтымақтастық: Қазақстан мен Қытай арасындағы тәжірибе алмасу

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ алаңында қытайлық Xinjiang Bishui Huichuang Environmental Protection Technology Co.,Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында қытайлық мамандар "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қызметкерлерін сейсмикалық оқшаулау саласындағы нормативтермен таныстырды. Қытайдағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын стандарттар мен талаптар туралы айтты.

Сонымен қатар, қытайлық сарапшылар сейсмикалық оқшаулау жүйелерін жобалау және өндіру тәжірибесімен бөлісіп, өз технологияларының ғимараттарды сейсмикалық әсерден қорғауда қалай тиімді шешімдерді әзірлеуге көмектесетінін түсіндірді. Сейсмикалық қауіптерді талдаудан бастап құрылыс нысандарына дайын шешімдерді енгізуге дейінгі жобалаудың әртүрлі кезеңдері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қарым-қатынасты нығайтып, Қазақстандағы құрылыс сапасы мен ғимараттардың қауіпсіздігін арттыруда одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы келісімге келді.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.