«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары «KORF» зауытында оқытудан өтті
- Октябрь 15, 2024
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ үлгілік және индивидуалды жобалау орталығының мамандары шақыру бойынша Мәскеу облысының Дзержинский қаласында орналасқан «KORF» зауытына барды. Онда оқудан өтіп, өндірістік процестермен танысты. «KORF» зауыты ауа алмасу, жылыту мен салқындату жүйелеріне арналған жабдықтардың жетекші өндірушісі болып табылады және өзінің инновациялық шешімдерімен және автоматтандырудың жоғары деңгейімен танымал.
Сапар барысында қатысушылар штамптау, жабдықтарды құрастыру және корпустарды бояу желілерімен танысты, сондай-ақ блоктық жылу пунктін құрастыру барысына қатысты. Экскурсия мамандарға жабдықтарды құрау процесі мен өнімнің сапасын бақылауды толық зерттеуге мүмкіндік берді.
Оқу орталығында семинар өтті, онда ғимараттардың климаттық жүйелерін жобалау мәселелері, «KORF» өнімдерінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, сондай-ақ саладағы өзекті трендтер мен жаңалықтар талқыланды.
Келесі кезеңде мамандар арнайы мақсаттағы жабдықтарды құрастыру желілерімен танысты. Оның ішінде жарылысқа төзімді қондырғылар, каналсыз шатыр жүйелері және кіріктірілген жылу насосты қондырғылар, бассейндер мен аквапарк жабдықтары бар. Оқыту климаттық жабдықтарды бағдарламалық іріктеу бойынша семинармен жалғасты, онда жалпы алмасу мен өртке қарсы желдету шешімдері, тоңазытқыш жабдықтары және дәлдікті қамтамасыз ететін кондиционерлер қарастырылды.
Сапар соңында қатысушылар автоматтандыру және диспетчерлеу блоктарын құрастыру және жөндеу бөлімінің жұмысымен, сондай-ақ өнімнің сапасын тексеру кезеңдерімен танысты. Оқу орталығындағы семинардың екінші бөлімі климаттық жабдықтарды автоматты түрде таңдауға және ауа алмасу, суыту мен өрт сөндіру жүйелерін жобалау технологияларына арналды, мамандар программалық жасақтаманың функционалдығы туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Зауытпен танысып, семинарларға қатысу арқылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары климаттық жүйелерді жобалау және пайдалану саласындағы білімдерін арттырды, бұл орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал етеді.