Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы
- Сентябрь 2, 2024
- Опубликовано: author
- Категория: Послание президента
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауын ұсынды. Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысты.
Президент өз Жолдауында Қазақстанның алдағы кезеңге арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын белгілеп, бірнеше басым бағыттарды атап өтті:
- Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою.
- Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту.
- Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану.
- Бірініші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу.
- Кадрлық әлеуетті арттыру.
- Ұлт денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау жүйесін қалпына келтіру.
- Экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғауды дәріптеу.
- Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру.
- Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең бекіту.
Бұл бағыттар әділдікті, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытын айқындай отырып, таяу жылдары Қазақстанның одан әрі дамуы үшін негіз болады.